Қара өлең көкжиегі

ДҮНИЕ – БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН

56 >>>

Жаманнан жақсы шықпас мақтағанмен,

Жабыдан тұлпар шықпас баптағанмен,

Ителгі қайырсаң да түлкі алмайды,

Алтынмен томағасын қаптағанмен.

 

57 >>>

Би болмас белін жалпақ буғанменен,

Ағармас қас наданды жуғанменен,

Білгенге ақыл басқа, ажар басқа,

Не пайда өте әдемі туғанменен.

 

58 >>>

Би болмас белін жалпақ буғанменен,

Ағармас затты қара жуғанменен,

Кейбіреу көзін жұмып құр шұлғиды,

Сопылық келмес көзді жұмғанменен.

 

59 >>>

Қайтейін, кедейшілік, көзіңді ашпа!

Қылдың ғой жеккөрініш қарындасқа,

Кетпейсің босағамнан бақырайып,

Жоқ па еді туысқаның менен басқа.

 

60 >>>

Көк қаршыға дегенде, көк қаршыға,

Көк қаршыға ұялар шоқпар шыңға,

Өмір бәйге болғанда, сен бір жамбы,

Қапылыста қор болма көкпаршыға.

баспаға әзірлеген             

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (22/08/2022)
Просмотров: 113 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: