Қара өлең көкжиегі

ДҮНИЕ – БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН

51 >>>

Мына заман қай заман, соқта заман,

Мұнан басқа қызығың жоқ па заман,

Мұнан басқа қызығың жоқ болса егере,

Ойнап-күліп қалайық, тоқта заман.

 

52 >>>

Айналайын құдай-ау, несібе бер,

Ойнаған мен күлгенді кешіре гөр,

Ойнаған мен күлгенді кешірмесең,

Дозақ отын су құйып өшіре гөр.

 

53 >>>

Сауғанмен жалғыз сиыр іркіт болмас,

Өнерді бойға біткен іркіп болмас,

Мысалы, әр нәрсенің бәрі сондай,

Қарқылдап қара қарға бүркіт болмас.

 

54 >>>

Ит қызыл болғанменен түлкі болмас,

Ойнақтап жаман сиыр жылқы болмас,

Мысалы, әр нәрсенің бәрі сондай,

Ағашқа саясы жоқ бұлбұл қонбас.

 

55 >>>

Кісі емес кісі артынан жамандаған,

Дос емес дос көңілін таба алмаған,

Қолына кей жаманның тұлпар түссе,

Айызын бір қандырып шаба алмаған

баспаға әзірлеген             

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (15/08/2022)
Просмотров: 119 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: