ДҮНИЕ – БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН 46 >>> Алқызыл көрінеді қашқан түлкі, Жігіттің қайда қалмас жиған мүлкі, Биікке ойда тұрып қол созамын, Болсын деп шіркін көңіл көтеріңкі.
47 >>> Досым жайлы, ей, қалқа, досым жайлы, Ынтымағы жаманның қосылмайды, Алды-артын ойлайтын ер азамат, Дүниеге мастанып отырмайды.
48 >>> Ұшады бала бүркіт аспанменен, Қашады қызыл түлкі тастарменен, Бірі қашып, біреуі қуса-дағы, Болжаусыз жан шықпайды сасқанменен.
49 >>> Көшіп жатыр ауылым, қонып жатыр, Қай дегені пенденің болып жатыр, Шыққанменен қырықтың қырқасына, Арман деген кеудеде толып жатыр.
50 >>> Қам сүт іштік анадан піскен емес, Таудай үлкен күнәміз кішкене емес, Сол күнәға соншама қоссақ-тағы, Кешем десе құдайға ештеңе емес. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 115 | |
Всего комментариев: 0 | |