Қара өлең көкжиегі

ДҮНИЕ – БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН

41 >>>

Дегенде, дүмбір дүние, дүмбір дүние,

Азырақ дүмбірлетіп жүрдік дүние,

Қалайын тіршілікте ойнап-күліп,

Кетеді әлі-ақ өтіп бір күн дүние.

 

42 >>>

Тал шыбық жігіт адам таянбайды,

Түлкіден тас түлек құс аянбайды,

Жігіттер жас шағында ойна да күл,

Бұл дүние қайсымызға баяндайды.

 

43 >>>

Ат жақсы арғымақтан шабыс болса,

Жат жақсы ағайыннан таныс болса,

Дұшпан түгіл досың да табылмайды,

Аяғың бір нәрседен шалыс болса.

 

44 >>>

Үнемі қолда тұрмас бақыт-байлық,

Жаманның пайдасы жоқ шөкім шайлық,

Бар болса ағайынның залалы жоқ,

Дегендей бірде сулық, бірде майлық.

 

45 >>>

Тізілтіп хат жазайын қаламменен,

Адам күні емес пе адамменен,

Болмайды жақсыменен сөйлескендей,

Сан күлсең де сан ойнап жаманменен.

баспаға әзірлеген             

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (02/08/2022)
Просмотров: 117 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: