Қара өлең көкжиегі

ДҮНИЕ – БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН

36 >>>

Базарға пұл бердім көк кебіске,

Жігіттер өкінбеңдер өткен іске,

Бірде олай дүние, бірде былай,

Қарашы өз қолыңа теп-тегіс пе?

 

37 >>>

Есекті тұлпар деме жалы бар деп,

Жабыдан айғыр салма малым бар деп.

Болмайды қарға сұңқар қайырғанмен,

Шошқаны сипамағын жануар деп.

 

38 >>>

Келеді күн жауғалы бұлт айналып,

Шешеннен озды сақау тіл байланып.

Тұлпардан мәстек озып бәйге алғаны,

Дүние кеткенің бе шырқ айналып.

 

39 >>>

Аққудың азығы жоқ жайнағанмен,

Құр тілдің пайдасы жоқ сайрағанмен,

Ақылды ақымақпен бірдей емес,

Жүрмейді шошқа жөнге айдағанмен.

 

40 >>>

Аспанда ұзақ ұшар тобыменен,

Жарқылдап тұйғын ұшар қобыменен,

Болғанмен ұзақ көкте, тұйғын жерде,

Бірдей ме дәрежесі соныменен.

баспаға әзірлеген             

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (27/06/2022)
Просмотров: 138 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: