ДҮНИЕ – БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН 31 >>> Дегенде, дүние шіркін өтер-кетер, Түбіне сұм дүниенің кімдер жетер, Қадір тұт, бір-біріңе құрмет көрсет, Тірлікте сыйластыққа барма жетер.
32 >>> «Ә» деп айтпақ өлеңнің қиын жері, Бәрі бірдей жүйрікке ылди, өрі, Ұшып бірдей алтынның сынығындай, Сөз сөйлейді жігіттің кемеңгері.
33 >>> Ағайын жат та болса көзге тәуір, Өкпем жоқ, кеудемдегі бәрі бауыр, Жауымның дәлдеп салған найзасынан, Досымның саусағымен шерткені ауыр.
34 >>> Ұшып жүрген аспанда ұлар ма екен, Атып алса баласын жылар ма екен, Атып алып, баласы жылар болса, Көкіректен шыбын жан шығар ма екен.
35 >>> Самаурын шай қайнайтын шүмегі алтын, Досыңмен сыйласатын болма салқын, Досыңмен сыйласатын болсаң тату, Көңілің болып жүрер ашық жарқын баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 141 | |
Всего комментариев: 0 | |