ДҮНИЕ – БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН 26 >>> Дүние ойлап тұрсам шолақ екен, Қарағай ьасын кессе мол-ақ екен, Он бес пен жиырма бес, қайран отыз, Үшеуі үш күн қонған қонақ екен.
27 >>> Дүние-ай, ойлап тұрсаң – шекер дүние! Байға қызық, жарлыға бекер дүние, Барында оралыңның ойна да күл, Опасыз бір күн тастап кетер дүние.
28 >>> Дүние келерінде бұлақтайсың, Сырғыған кетеріңде сынаптайсың, Жанына жақсылардың аялдамай, Па, шіркін, қайда барып тұрақтайсың!
29 >>> Балыққа су ішінде дем болмайды, Етінде сұлу қыздың мең болмайды, Жарыңыз қойныңдағы жаман болса, Дұшпаннан қылыш тартқан кем болмайды.
30 >>> Шыназ қала дегенде Шыназ қала, Айналатын Шыназды су азғана, Оралыңның барында ойна да күл, Өлшеп берген өмірдің күні азғана. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 146 | |
Всего комментариев: 0 | |