Қара өлең көкжиегі

ДҮНИЕ – БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН

21 >>>

Дүние, дүниеден дүние өтеді,

Қолынан оймақсыздың ине өтеді,

Барында оралыңның ойна да күл,

Түбіне дүниенің кім жетеді.

 

22 >>>

Дүние дүмбір дегенде дүние дүмбір,

Дүмбірлеткен жігітті дәл жиырма бір,

Оралыңның барында ойна да күл,

Қайта айналып келмейді өткен ғұмыр.

 

23 >>>

Дүние қудым сені бала жастан,

Өмірдің аз-көбіне қарамастан,

Күл де ойна, гүл-гүл эайна, осындайда,

Бұл дүние әлі-ақ өтер ғазиз бастан.

 

24 >>>

Дүние ойлап тұрсам қос уыстай,

Түрленген қайран күнім тоты құстай,

Барында оралыңның ойна да күл,

Қалармыз әр төбеде қосылыспай.

 

25 >>>

Дүние қудым сені он жасымнан,

Тартады денем ауыр қорғасыннан,

Үстінен су төгілмес, майда қоңыр,

Танады ол да бір күн жорғасынан.

баспаға әзірлеген             

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (06/06/2022)
Просмотров: 126 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: