Қара өлең көкжиегі

ДҮНИЕ – БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН

16 >>>

Дүние ойлап тұрсаң бір сергелдең,

Жалғыз атың жоқ болса өлгенмен тең,

Досың келіп үйіңнен құр аттанса,

Қара жерге тепкілеп көмгенмен тең.

 

17 >>>

Дүние қудым сені жалықпай-ақ,

Судағы ұстатпайсың балықтай-ақ,

Біреуге мал мен бақты қатар беріп,

Біреуді қойдың құдай жарытпай-ақ.

 

18 >>>

Дүние тұманданған, мұнарланған,

Кім алдаған білмеймін, кім алданған,

Дөңгеленіп дөңгелеп арбасынан,

Лақтыра ма қайтеді мына жалған.

 

19 >>>

Дүние жеткізбейді қуғанменен,

Өтеді күндер шіркін думанменен,

Жатасың жалғыз өзің жапан түзде

Атадан алтау болып туғанменен.

 

20 >>>

Дүние ойлап тұрсаң шолақ екен,

Адамдар бір-біріне қонақ екен,

Сыйласып екі жұбай тату болса,

Дүниенің бар қызығы сол-ақ екен.

баспаға әзірлеген             

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (30/05/2022)
Просмотров: 201 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: