Қара өлең көкжиегі

ДҮНИЕ – БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН

11 >>>

Қамқаның бөрік кидім қиығынан,

Біреуге біреу күлер миығынан,

Біреуге біреу жақын болады екен,

Өзінің бойға біткен қылығынан.

 

12 >>>

Дүние – бір қисық жол бұраңдаған,

Бақ тайса мал менен бас құралмаған,

Күніне мың бір пәле көрсең-дағы,

Сонда да күдер үзбе бір Алладан.

 

13 >>>

Дүние қудым сені жалықпай-ақ,

Судағы ұстатпайсың балықтай-ақ,

Көрсетіп бірде алдыңды, бірде артыңды,

Қойдың ғой дидарыңды танытпай-ақ.

 

14 >>>

Дүние қарап тұрсам бір кең сарай,

Сарайға көзім талды қарай-қарай,

Тағдыр мен Тәңіріге жала жаппа,

Өзінен ер жігіттің бақ пен талай.

 

15 >>>

Дүние өтеріңде сынаптайсың,

Таулардан жылжып аққан бұлақтайсың,

Басына талай ердің аттай теуіп,

Сұм жалған қайда барып тұрақтайсың.

баспаға әзірлеген             

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (23/05/2022)
Просмотров: 148 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: