Қара өлең көкжиегі

ДҮНИЕ – БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН

6 >>>

Баспадым жардың шетін құлай ма деп,

Ішпедім арық суын лай ма деп,

Жаманмен дос болуға жасқанамын,

Күн туса ердің құнын сұрай ма деп.

 

7 >>>

Қырғауыл аңға шықсаң, атқан тәуір,

Бал болса жанай өтпей татқан тәуір,

Жаманмен құшақтасып бір жүргеннен,

Жақсының аяғында жатқан тәуір.

 

8 >>>

Көзің қара ағаштың көміріндей,

Бойың түзу мылтықтың теміріндей,

Жақсыменен отырған жарты сағат,

Өтіп кеткен жаманның өміріндей.

 

9 >>>

Аспанда бір жұлдыз бар айдан жақсы,

Арқада бір кедей бір байдан жақсы,

Жаманға бір сөз айтсаң қорс етеді,

Балқыған қорғасындай қайран жақсы.

 

10 >>>

Мыс па екен, алтын ба екен, қола ма екен,

Алтынға қола тұтқа бола ма екен,

Тұйғын леп ұстағаным қарға шықты,

Қарғаға пенде ғашық бола ма екен.

баспаға әзірлеген             

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (16/05/2022)
Просмотров: 160 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: