ДҮНИЕ – БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН 1 >>> Жабыны жауға салма жалды екен деп, Жаманмен жолдас болма малды екен деп, Баласын қазан аттың бақпай қойма, Қан түсіп аяғынан қалды екен деп.
2 >>> Екінің бірі жомарт тасқан жерде, Күніңе ер жарайды сасқан жерде, Жаманға жазатайым күнің түссе, Қабысып қалады екен аспан жерге.
3 >>> Өмір жеген ойласам шолақ екен, Бір-біріне адамдар қонақ екен, Қызғалдақтай жайнаған қызық өмір, Қазан ұрмай, қар жаумай солады екен.
4 >>> Жастық шақ өте шығар ескен желдей, Алыстан бұлдырайсың асқар белдей, Құлазып көңіл шіркін толғанады, Қоныстан қопарылып көшкен селдей.
5 >>> Өмірді аңсай туып, асық өскен, Дүниеге адам қонақ түней көшкен, Ер туып, ел қорғаған ата-бабам, Солардың ізі жатыр, тозаңы өшкен. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 143 | |
Всего комментариев: 0 | |