ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ 901 >> Асты тақтай ағаш үй үсті тақтай, Мен қалқаны шақырдым дамыл таппай, Шақырғанның белгісі сол емес пе, Ұзақ таңға отырдым кірпік қақпай.
902 >> Екі бөртек беліңе жіп жетеді, Нұр жүзіңді көргенде ес кетеді, Құрбылықпен бір сөзді айтып едім, Бір тілекті құп алсаң нең кетеді.
903 >> Ық жағында ауылыңның қызыл шілік, Келіп кетші шілікке ептеп жүріп, Құрбылықпен ұнаса салқан қолқам, Бір аз ғана жүремін ойнап-күліп.
904 >> Зергер бұйым соғады қалайыдан, Аққан тері сорғалап самайынан, Сәулешімнің көңіліне қараймын деп, Сұлулардың айрылдым талайынан.
905 >> Бұраң бел, қоян жонды, бөкен санды, Ақ тамақ, сүйір иек, беті қанды, Қара қас, бадам қабақ, жазық маңдай, Таба алмай іздеп жүрмін сондай жанды. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 6 | |
| Всего комментариев: 0 | |
