ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ 896 >> Қызыл жібек, ақ жібек білегіме, Құдай-ау, жеткізе гөр тілегіме, Қай бұрышында дүниенің жүрсем-дағы, Атыңды сақтап жүрем жүрегімде.
897 >> Қызыл жібек, ақ жібек иірейін, Алтын тақтың үстінен жүгірейін, Ауылың алыс кеткенде қимас қалқам, Хат жазып қарлығаштан жіберейін.
898 >> Тау құлаған дегенде тау құлаған, Таудың тасы етекке саудыраған, Мойныңды бұра тастап қарағанда, Көзіңнен айналайын жаудыраған.
899 >> Жимаймын салдықпенен балағымды, Ораймын ақ торғынмен тамағымды, Кетпейді көз алдымнан жымиғаны, Жүр екен кім күлдіріп қарағымды.
900 >> Торы айғыр тоқпақ жалды далада тұр, Пәт құндыз, дүрия шағи, қалада тұр, Тұсынан ауылыңның ән шырқасам, Сүйеніп ақ боз үйге қара да тұр. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 11 | |
| Всего комментариев: 0 | |
