ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ 891 >> Ақ үйдің ай көрінер маңдайынан, Шешеннің бал тамады таңдайынан, Дүниеде сенен артық жан көргем жоқ, Адамның жаратылдың қандайынан.
892 >> Басқұрдың бас айналар термесінен, Қасыңның хат жазамын кермесінен, Сұңқылдап жатсам-тұрсам сізді тілеп, Алланың сұрап алам бермесінен.
893 >> Қар жауар қарашада қатқақ болып, Қалады жаңбыр жауса батпақ болып, Қалқатай отыр ма екен, жатыр ма екен, Сұңқардай үш түлеген аппақ болып.
894 >> Жүгірер қойдан қойға шұбар туша, Көрінер қыздар сұлу белін буса, Алдына есігіңнің су төгіп қой, Жығылсын әкең тайып мені қуса.
895 >> Ұшады көк ала үйрек көл дегенде, Құриды ынтызарым сен дегенде, Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым, Бал татыр сілекейің шөлдегенде. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 4 | |
| Всего комментариев: 0 | |
