ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ 886 >> Таба алмадым аққудың жұмыртқасын, Ғашық жарға сәлем де ұмытпасын, Қанатым жоқ ұшуға зорға жүрмін, Келмеді деп көңілін суытпасын.
887 >> Ақ көйлектің етегі алтынданған, Ақ жамбыдай ажарың жарқылдаған, Сексен үйрек шықса да серуенге, Сен қоңыр қаз ішінде саңқылдаған.
888 >> Қызыл ернің жұп-жұқа, қара қасың, Тамағыңнан көрінер ішкен асың, Қадір білер кісіге қол арт деген, Мен не дейін өзің білі құрбыласым.
889 >> Жыртылмайды ақ көйлек кең болған соң, Екі құрбы ойнайды тең болған соң, Саған айтпай сырымды кімге айтайын, Шын наған көңілге сен болған соң.
890 >> Жарапсың ғой, жаным-ау, сірә зерек, Замандасым басқадан жөнің бөлек, Күндіз ойдан кетпейсің, түнде түстен, Тал бойыңда мінің жоқ жасыл желек. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 10 | |
| Всего комментариев: 0 | |
