Қалып қатпарлары

САРАҢДЫҚ

Тілдік мағынасы: Сараңдық «әл-бухлу» деп аталады, бұл сөздің антонимі «әл-кәрәму» жомарттық сөзі. Сараңдықтың «әш-шухху» делінген атауы да бар. бұл екі сөздің айырмашылығына қатысты Журжани: «Әл-бухлу» - өзінің малын сарп етуден тыю, ал «әш-шухху» адамның өзгенің мал-дүниесіне сараңдық танытуы. «Әл-Бухлу» - қажетті болған жағдайда исарды (Исар – Алладан сауабын үміт етіп, дүние істерінде өзгенің қалауын өзінікінен жоғары қою) тәрк ету деп те айтылады (Әт-Тағрифат, 42,43), - деген. Кей ғалымдар «әл-бухлу» - адамның өз-өзіне сараңдық танытуы екенін айтқан. Мысалы, қазақтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында Қарабай туралы:

«Тоқсан мың жылқы айдаған бай болса да,

Үйінде сілкіп киер шапаны жоқ», - деп сараңдықтың осы бір түрі сипатталған.  

Терминдік мағынасы: Имам Қуртуби (Алла оны рақымына алсын): «Сараңдық шариғатта күнәлі іс деп танылады. Ол – адамның Алла Тағала оған (сарп етуді) бұйырған (мал-дүниені қажетті орнына) жұмсаудан өзін ұстауы» (Тәфсиру әл-қуртуби, 5/126), - деп анықтама берген.

Ыбырай Алтынсарин «Мұсылманшылықтың тұтқасы» еңбегінде сараңдық жайында: «Бухл дегеннің мағынасы – сараңдық. Сараңдық деп Құдай Тағаланың уажиб еткен мырзалықтардан, яғни зекет, хаж, құрбан сою, бейшараларға, пақырларға қарасу, нафл садақаларын беруден қашуды айтады», - деп жазған.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (Вчера)
Просмотров: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: