Қалып қатпарлары

ШЫДАМСЫЗДЫҚ

Шыдамсыздықты емдеу жолдары

Бесінші: Ақылмен шешім қабылдау. Нақыл сөзде «Шыдамды еңбек, алғыр ой – анық досың біліп қой» деп айтылғанындай, адам баласы ашу туындайтын жағдайларда өзін ұстап, саналы ақылмен шешім қабылдауға тырысуы қажет. Әсет Найманбайұлы:

Шыншыл бол, шықпа жолдан, шыдамды бол,

Ақыл – дос, талап – басшы, табасың жол.

Қыршаңқы қотыр тауып қасынады,

Есірік кейбір надан ақымақ құл, - деп айтқан.

Алтыншы: Ардақты Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үлгі ету. Ардақты Пайғамбарымзға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ең алғашқы түскен аяттардың бірі:

«Раббың үшін сабыр ет», - деп айтқан.

Өйткені Пайғамбарға артылған міндет өте жауап әрі ауыр міндет еді. Оны орындау барысында Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үлкен сабыр қажет еді. Пайғамбарлық міндетін атқару барысында ардақты Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көптеген қиындықтарға, дін жауларының қастандығына тап болды. Алла Тағаланың жәрдем етіп, төзімділік, сабырлық, шыдамдылық танытуының арқасында, ол қиындықтарды жеңіп, өзіне жүктелген аманатты толығымен орындады. Ахмет Байтұрсынұлы ол жайында: «Пайғамбарымыз Мұхаммедті жұрты ұрып-соқты, тілімен балағаттады. Ол бәріне де шыдады, жеңді. Шыдам мен сабыр – ең күшті қару», - деп жазған.

Жетінші: Әлдекім іс болмай қалғанда, оның болмауында қайыр-жақсылық бар екендігін еске алу. Қандай да бір іс ойындағыдай болмай қалғанда немесе кешіккенде шыдамсыз адам күйгеліктікке салынып, өзін қоярға жер таппай, дауысын көтеріп, ашуланып, ұнамсыз сөздер айтып жатады. Бірақ мұсылман осындайда ашуын жұтып, өзін қолға алып, сол істің болмағанында не кешіккенде әлдебір қайыр-жақсылық бар болуы мүмкін екенін ойлауы қажет. Алла Тағала қасиетті Құранда:

«Бір жек көрген нәрселерің сендер үшін қайырлы болуы мүмкін. Және жақсы көрген нәрселеріңнің сендерге жаман болуы да мүмкін. Алла біледі, сендер білмейсіңдер» («Бақара» сүресі, 216-аят), - деп айтқан.  

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (08/09/2026)
Просмотров: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: