Қалып қатпарлары

ШЫДАМСЫЗДЫҚ

Тілдік мағынасы: Шыдамсыздық дегенді білдіретін «әл-жәзәғу» сөзі – «ұстамдылық, сабырлық» сөздерінің кері баламасы. Сабырлы болу адамның жалпы ұстамдылығын білдірсе, шыдамдылық пенденің белгілі бір жағдай туындаған сәтте өзін асығыстық танытудан, ашуға салынудан ұстап, байыптылық танытуына қатысты айтылады.

Терминдік мағынасы: Адамның басына түскен іске байланысты күш-қауқарының үзілуі.

 

Шыдамсыздық зардабы

Адамның дүние ақыретіне опат алып келетін жүрек дертінің бірі – шыдамсыздық. Ер адам үйге келгенде тамақ дайын болмағаны үшін қызылкеңірдек болып, ашулануы, көлікпен жүргенде бағдаршамның жасыл түсі жанып үлгермей жатып артындағы көліктердің алдыңғысына белгі беріп, тезірек жүруді талап етуі, қария адам әңгімесін созып жібергенде жастардың оны тыңдауға сабыры жетпей, тезірек кетіп қалуды ойлап тұруы, ұялы телефон не компьютерде бағдарлама баяу жұмыс істеп қалғанда, адамның экранды қайта-қайта басып, ашуға салынуы сияқты күнделікті өмірде шыдамсыздықтың белгілерін көптеп кездестіреміз. Сол сияқты қандай да бір қиындық келгенде сабыр ете алмай ішкілікке салыну, өз-өзіне қол жұмсау сияқты ауыр күнәлі істерге бару да – шыдамсыздықтың салдары.

Дүние тіршілігі – сынақ алаңы. Алла Тағаланаың ең сүйікті құлы болған пайғамбарлар да түрлі сынақтар көрген. Алла Тағала қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 155-156-аяттарында:

«Әрине, сендерді қауіп-қатер, ашаршылық және малдардан, жандардан, сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз. Сабыр етушілерді қуаңдыр. Қашан оларға бір қайғы жетсе, олар: «Шын мәнінде біз Аллаға тәнбіз әрі оған қайтушымыз», - деді», - деп айтқан.

Адамдардың басына сынақ түскен уақытта олардың әрқайсысының бойынан әртүрлі сипат көрініс табады. Бір адам сабыр етіп, ризалық танытады. Бір адам риза болмаса да, сабыр етеді. Енді бірі шыдамсыздық танытып, лайықсыз сөздер мен істерге жол беріп жатады. Міне, сол үлкенді-кішілі сынақ уақытында өзін қолға ала алмау, лайықсыз сөздер айтып, жаман іске жол беру – шыдамсыздық. Ғубайд ибн Ғумайр: «Шыдамсыздық – көзге жас келіп, жүректің қайғыруы емес, адамның жаман сөз айтып, жаман ойға салынуы», - деген.

Шыдамсыз адам әлдебір істің уақытынан бұрын болғанын қалайды. Өз уақытында іске аспай қалса, байыптылығын жоғалтады. Бұл дерт адамның саналы түрде ойлауына, дұрыс шешім қабылдауына теріс әсер етеді. Шыдамсыз адам көбіне ашуланып, ақылсы іс-әрекеттер жасауға дейін барады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Мағариж» сүресінің 19-20-аяттарында:

«Шын мәнінде адам баласы сабырсыз жаратылған. Басына бір бейнет жетсе, тым шыдамсыз», - деп айтқан.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Сендерден бұрын өмір сүргендердің ішінде жарақаты бар бір адам болған. (Ол жараның ауырғанын көтере алмай) шыдамсыздық қылып, пышақ алып, өзінің қолын кесіп тастаған болатын. Соның салдарынан қансырап, дүниеден озды. Алла Тағала: «Құлым менен озып кеткені үшін Мен оған жәннатты харам еттім», - деді» (Бұхари, 3463), - деген.

Енді ғана үйленіп, жаңа шаңырақ көтерген жастардың тез ажырасып кетуі, білім жолына түскен адамның белгілі бір нәтижеге жетпей оны тастауы, қандай да бір кітапты бастап, аяғына дейін оқи алмау, кәсіп бастап, алғашқы қиыншылықтан кейін қойып кету деген сияқты істердің барлығы шыдамсыздықтың кесірі. Медициналық тұрғыда да шыдамсыздық жүректің шамадан тыс жиі соғуына әкелетінін, ондай адамдардың биологиялық қартаюы сабырлыларға қарағанда ерте орын алатыны дәлелденген.

Жаратушы тарапынан жүктелген құлшылықтарды орындау үшін де, отбасындағы қарым-қатынаста, бала тәрбиесінде, білім алуда, шәкірт оқытуда, жақын адамдармен араласуда, кәсіп жасауда және т.б. өмірлік қажетті істердің барлығында да адам баласына шыдамдылық ауадай қажет. Шыдамды адам ғана өмірлік белестерді жеңіп, көздеген мақсатына қол жеткізе алады. Шыдамсыз адам бастаған ісін соңына дейін жеткізе алмай, орта жолдан тайқып кетеді. Тіпті көптеген сауапты істен де құр қалады. Бірақ сынаққа тап болған адам шыдамсыздыққа салынуы арқылы ол екеу болады. Біріншісі – сынақ келіп, ісінің опат болуы; екіншісі – сауаптан айырылуы», - деген.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (08/06/2026)
Просмотров: 7 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: