Қалып қатпарлары

ЕКІЖҮЗДІЛІК

Екіжүзділіктен сақтанудың жолдары

Бірінші: Дұға. Мұсылман адам тура жолды танығаннан кейін сол жолда әрдайым тұрақты болуды тілеп, Алла Тағалаға дұға етуі қажет. Қасиетті Құранда мүминдердің:

«Раббымыз! Бізді тура жолға салғаннан кейін жүрегімізді ауытқытпа. Және бізге өз қасыңнан игілік бер. Күдіксіз Сен өте берегенсің» («Әли Имран» сүресі, 8-аят), - деп жалбарынатыны айтылады. Ардықты Пайғамбарымыз да (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Уа, жүректерді бұрушы, менің жүрегімді Өзіңнің дініңе тұрақты ет», - деп дұға етуімізді үйреткен.

Екінші: Зікір. Алла Тағаланы көп еске алып, зікір ету екіжүзділіктен сақтануға себеп болады. Өйткені екіжүзділер Алла Тағаланы өте аз еске алады. Алла Тағала «Ниса» сүресінің 142-аятында:

«Олар Алланы өте аз еске алады», - деп айтқан.

Кейбір ғалымдар: «Алла Тағаланы көп еске алу екіжүзділіктен сақтайды. Сол себепті де Алла Тағала қасиетті Құрандағы екіжүзділердің сипаты баяндалған «Мұнафиқун» сүресінің соңында:

«Уа, иман еткендер! Сендерді малдарың, балаларың Алланы еске алудан тоспасын. Әлдекім бұны істесе, міне солар зиян тартушылар» («Мұнафиқун» сүресі, 9-аят), - деп бұйырған», - деген.

Төртінші: Сахабаларды жақсы көру. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Иманның белгісі – ансарларды жақсы көру, екіжүзділіктің белгісі – ансарларды жек көру», - деп, сахабаларды жақсы көруді иманмен, ал оларды жек көруді екіжүзділікпен байланыстырған. Мәдиналық сахабаларды «әл-ансар», ал Мәдина қаласына көшіп барған Меккелік сахабаларды «әл-муһажир» деп атағанымен, кейбір хадис мәтіндерінде келген «ансар» сөзі меккелік «муһажир» сахабаларды да қамтиды. Жоғарыда келген хадисте де ансарларды жақсы көру турасында айтылғанымен, муһажирлер Исламды қабылдау тұрғысынан ансарлардан бұрын тұрғандықтан, оларды жақсы көру ансарлардан да бұрын тұрады.

Бесінші: Құлшылықтарға берік болу. Екіжүзділер құлшылықтарға селқос қарап, намаз оқуда жалқаулық танытады. Шынайы мұсылман бұндайдан аулақ болып, әр құлшылығына берік болуы тиіс. Әсіресе діннің тірегі болған намазға ерекше беріктік танытып, әр намазды өзінің уақытында оқуға тырысып, шамасы келсе жамағат намазына барып тұруы қажет. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Кімде-кім қырық күн бойы жамағатпен бірге намаз оқып, алғашқы тәкбірге үлгерсе, оған екі нәрседен құтылу жазылады. Бірі – тозақтан, ал екіншісі – екіжүзділіктен», - деген.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (02/06/2026)
Просмотров: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: