ЕКІЖҮЗДІЛІК Екіжүзділіктің түрлері Екіжүзділіктің екі түрі болады. Бірінші: Сенімдегі екіжүзділік. Сенімдегі екіжүзділік деген – Алла Тағалаға, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға, ақырет күніне иман еткен болып көрініп, іштей бұлардың барлығына не бір бөлігіне қарсы келу. Бұндай екіж.зділік адамды мұсылмандықтан шығарады. Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) заманында екіжүзділіктің дәл осы түрі болған. Қасиетті Құранда бұл санаттағылар турасында көптеген аяттар түскен. Алла Тағала қасиетті Құранның «Бақара» сүресінің 8-аятында: «Адамдардың кейбірі: «Аллаға және ақырет күніне иман еттік» дейді. Бірақ олар иман етпеді», - деп айтқан. Екінші: Амалдағы екіжүзділік. Алла Тағалаға иман етіп, сенімі дұрыс бола тұра, діни амалдарды орындауды тастап, адамдардың көзінше атқарып жүргендей болып көріну. Бұл іс ауыр күнә екені белгілі, әйтсе де ол адамды мұсылмандықтан шығармайды. Жүректегі бұл дертті дер кезінде емдемесе, асқынып, ұлғайып, сенімдегі екіжүзділікке ұласып кетуі әбден мүмкін. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 7 | |
| Всего комментариев: 0 | |
