ЕКІЖҮЗДІЛІК Тілдік мағынасы: Екіжүзділікті білдіретін «мұнафиқ» сөзі «жер асты өткелі» деген мағынаны білдіретін «ән-нафақу» сөзінен алынған. Жер асты өткелінің адам бір жағынан кіріп, екінші жағынан шығатыны сияқты екіжүзді адам Исламға тілімен кіргенімен, жүрегімен шығып кетеді. Терминдік мағынасы: Журжани (Алла оны рақымына алсын): «Екіжүзділік – тілмен иман етіп, жүрегінде күпірлікті жасыру» («Әт-Тағрифату», 245), - деп анықтама берген.
Екіжүзділіктің зияндары Екіжүзділік – адамның жүрегін бұзатын ең жаман дерттің бірі. Бұл дертке душар болған адам қатерлі дертке шалдыққанын өзі білмейді, тіпті сол дерттің салдарынан істеп жүрген істеріне риза болады. Сөйтіп бойындағы бар жақсы қасиеттерін жоғалтып, ізгі амалдарды шынайы ниетпен атқарудан қалады. Ислам тарихындағы ең алғашқы екіжүзді абдулла ибн Убей атты адам болған. Ол ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәдина қаласына келмей тұрып сол жерде басшы болғысы келген еді. Алла елшісі Мәдинаға келіп, адамдар жаппай мұсылмандықты қабыл етеді. Көздеген мақсатына жете алмаған Абдулла ибн убей мен оның жақтаушылары еріксіз сырттай бағынуға мәжбүр болып, іштей бағынғысы келмей, екіжүзділік қылады. «Іштен шыққан жау жаман» демекші, тарихта мұсылмандарға ең үлкен зиян берген де осы екіжүзділер еді. Алла Тағала олардың қияметтегі азабы жайында: «Негізінен екіжүзділер тозақтың ең төменгі қабатында болады» («Ниса» сүресі, 1445-аят), - деген. Кей екіжүзділер алғаш Исламды қабылдағаннан бастап, ниеттері дұрыс болмай, мұсылман болу арқылы тек дүние мақсатын ғана көздеп, кейін осы екіжүзді бейнесінде ары қарай жүре берді. Ал кейбірі Исламға шынайы ниетімен келгенімен, түрлі сынақтарға сабыр ете алмай, күмәнді ойларға түсіп, сырттай Исламнан бет бұрғанын білдірмей, іштей мұсылмандықтан шығып, өзінің екіжүзділігін жасырды. Бұндай ауыр жүрек дертіне шалдықпасы үшін әрбір мұсылман екіжүзділіктің сақтану жолдарын жақсы білуі тиіс. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 13 | |
| Всего комментариев: 0 | |
