ӨЗ-ӨЗІНЕ ТАҢДАНУ Өз-өзіне таңдану дертіне шалдықтыратын себептер Бірінші: Адамның өз нәпсісінің ақиқатын танымауы, одан ғапыл болуы. Егер адам баласы өзінің жаратылысын, әлсіздігін, нәпсісінің ақиқатын шынайы таныса бұндай дертке түсуден сақтанады. Екіншісі: Адамды көзінше мақтау, артықшылығын айту оның жүрегіне әсер етіп, өзін шынымен де сондай деп ойлауы. Адамға жаман әсері болатын жағдайда оны көзінше мақтауға болмайды. Адамның жақсылығын айтқыы келген кісі оны сыртынан, өзі жоқ кезде мақтауы қажет. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әлдебір адамды екінші бір кісінің жүзіне мақтап отырғанын естігенде бұл іске тыйым салып: «Сендер ол адамды құрттыңдар не оның желкесін үздіңдер» (Бұхари, 2663 / Мүслим, 3001), - деген. Үшінші: Өзінен білім, амал тұрғысынан төмен адамдармен теңеп, сол арқылы өзіне артықшылық беру. Мұсылман адам өзінің жаратылысы мен дүниесі тұрғысынан өзінен төмендерге қарап шүкір етіп, ал білім мен амал тұрғысынан өзінен жоғары болғандарға назар салып, олардан да асып түсуге тырысуы қажет. Білім мен амал тұрғысынан өзінен төмен болғандарға қарау адамның ізгілікке деген талпынысын бәсеңдетіп, өзін биік қою, өз амладарымен таңдану сияқты дерттерге себепші болады. Төртінші: Өзіне берілген нығметтермен масайрап, ол нығметтерді берген Жаратушысын ұмыту. Бесінші: Басшылық қызмет. Бұл басшылық қызметті атқаруға болмайды дегенді білдірмейді. Тек бұндай қызметті атқару арқылы: «Мен бұл қызметке өзгелерден артық болғандықтан тағайындалдым» деген ойға түсуден сақтану керек. Бұндай ой адамды өзін өзгелерден жоғары қойып, өз-өзіне таңдану дертіне шалдықтырады. Әділетті халифалар: «Уа, адамдар! Мен сендердің араларындағы ең жақсыларың болмасам да, сендерге басшы болып тағайындалдым», - деп, өздерінің өзгелерден еш артықшылығы жоғын еске алатын. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 17 | |
| Всего комментариев: 0 | |
