Қалып қатпарлары

МАҚТАНШАҚТЫҚ

Мұсылман адамды көзінше мақтағанда не істеу қажет?

Мақтау сөз есту әркімнің нәпсісіне жағатыны белгілі. Бірақ нәпсіні бұндай сөздермен қанағаттандыра беру адамның дүниесі мен ақыретіне жақсылық алып келмейді. Бұл адамның мақтан қуып, өзін өзгелерден жоғары көруіне, бойында тәкаппарлықтың тууына әкеліп соғады. Мұсылман адамды біреу көзінше мақтаған жағдайда мына әдептерді атқаруға мән беруі қажет:

Бірінші: жүрегімен мақтауды сүймеу;

Екінші: Өзінің әлсіз құл екенін, нағыз мақтау Жаратушыға тән екенін ойлап, Алла Тағалаға мақтаулар айту;

Үшінші: Мақтауға ермеу үшін өзін өзгелерден жоғары санамау. Әсіресе жағымсу, мақтау арқылы өзінің жаман ойын жүзеге асырғысы келетіндердің сөзіне алданып қалудан сақтану қажет. Абай хакім: «Сенбе жұртқа тұрса да, қанша мақтап, Әуре етеді, ішіне қулық сақтап», - деп осы себепті айтқан.

Төртінші: Алла Тағаладан тәкаппарлық, риякерлік, мақтаншақтық сияқты дерттерден сақтауын сұрап, дұға ету. Сахабаларды біреу көзінше мақтаған уақытта: «Уа, Алла! Олардың менің бойымдағы білмейтін істері үшін мені кешір! Олардың айтып жатқан сөздері үшін мені есепке алма! Олардың ойлап жатқанын мен үшін қайырлы ет!» - деп дұға ететін болған. Кейбір ғалымдардан: «Уа, Алла! Олар менің ақиқатымды білмейді, Сен мені білушісің», - дейді екен.

Бесінші: Келесі мәрте адамды бұлай бетіне мақтамауды өтініп, насихат айту.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (24/02/2026)
Просмотров: 10 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: