МАҚТАНШАҚТЫҚ Адамды көзінше мақтау Қандай да бір адамды көзінше мақтаған кезде оның бойында тәкаппарлық, өзін өзгелерден үстем санау сияқты жүрек дерттері пайда болуы мүмкін болса, оны мақтаған дұрыс емес. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әлдебір адамды екінші бір кісінің жүзіне мақтап отырғанын естіп қалғанда: «Сендер ол адамды құрттыңдар не оның желкесін үздіңдер» (Бұхари, 2663 / Мүслим, 3001), - деп айтқан. Имам Науауи өзінің «рияду әс-салихин» (Ізгілер бақшалары) атты еңбегінде адамды көзінше мақтамау жайындағы хадистерді келтіре отырып, былай деп түсініктме берген: «Бұл хадистерде адамдарды көзінше мақтауға тыйым салынғанын байқаймыз. Дегенмен адамды мақтауға рұқсат берілген, басқа сенімді хадистер де бар. ғалымдар бұл айтылған хадистерді былайша біріктіруге болатынын айтады: «Егер мақталып жатқан адам кәміл иманды, яқини сенімде, нәпсісі тәрбиеленген, мақтауды естіп бүлікке душар болмайтындай толық түсінікті болса, бос үміт пен азғындыққа ермесе, онда оны мақтау харам да, мәкруһ те болмайды. Ал егер жоғарыда айтылғандардың біріне душар болу қаупі болса, онда ол адамды көзінше мақтау қатаң сөгіледі. Міне, осындай жағдайларға байланысты бұл мәселедегі хадистердің мазмұны да әртүрлі болып келген». Мақтаудың рұқсат етілген хадистердің ішінде келгені, жәннаттың бүкіл есігінен кіретін адамдар жайында сұралғанда, ардақты Пайғамбырымз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Әбу Бәкірге (Алла оған разы болсын): «Мен сені солардың бірі бола ма деген үмітім бар» (Мүслим, 1027), - деп оны мақтаған. Тағы бір хадисте тәкаппарлар туралы баян етіп келіп, Әбу Бәкірге Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сен оларға жатпайсың» (Мүслим, 2085), - деген. Хазіреті Омар (Алла оған разы болсын) жайында да хадисте: «Шайтан сенің қай жолмен жүргеніңді көрсе, міндетті түрде басқа жолға түседі» (Бұхари, 3683 / Мүслим, 2396), - деп айтылуы осындай хадистерге жатқызылады. Мақтауға рұқсат етілген бұндай хадистер көптеп келген» (Бұхари, 3683). Ендеше, мақтау адамның нәпсісіне кері әсер етіп, оны тәкаппарлық, өзіне-өзі таңғалу сияқты істерге душар етпей, қайта ізгілікке тұрақтауына, жақсы амалдар жасауына себепші болып жатса, «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысысн» деген ниетте мақтауға болады. Ал адамға кері әсер ететін жағдайда бұл іс дұрыс емес. Әсіресе, адамның бойындағы жоқ сипаттарды айтып, оған жағу ниетімен мақтау жағымпаздыққа жатады. Хазіреті Османды (Алла оған разы болсын) бір адам көзінше мақтаған уақытта, Миқлад (Алла оған разы болсын) ол адамның бетіне майда тастарды лақтырады. Сонда хазіреті Осман одан: «Ьұл не істегенің?» - деп сұрайды. Ол: «Расында, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер мақтаушыларды көрсеңдер, олардың бетіне топырақ лақтырыңдар!» - деген еді», - дейді (Мүслим, 3002 / Тирмизи, 2393 / Ибн Мәжа, 3742). Өзгені мақтаушыны «әл-мәдиху» деп атайды. Хадисте бетіне топырақ шашуға қатысты айтылғанда «әл-мәддаху» деп келген. «Әл-мәддаху» деген – мансапты, дәрежесі өзінен үлкен, басшы адамның қасында болғанда әрдайым оны жүзіне мақтап, жағымпазданатын адам. Мақтаудың тыйым салынған түрлерінің бірі – мақтау арқылы біреуді еліртіп, оны күнәлі іске итермелеу. Халқымыз «Жындыны жынды десе бөркі қазандай болады» деп, елірткенге желігіп, түрлі іске баратындарды осылай деген. Абай хакім он төртінші қарасөзінде бұндайларды сынап: «Осы жұрттың көбінің айтып жүрген мықты жігіт, ер жігіт, пысық жігіт деп ат қойып жүрген кісілерінің бәрі пәлеге, жаманшылыққа елітрпек үшін, бірін-бірі «айда, батырлап!» қыздырып алады да, артын ойлатпай, азғыратұғын сөздері. Әйтпесе Құдайға терістіктен, не ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі, үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі бір тексермей кеткен кісі, тәуір жігіт түгіл, әуелі адам ба өзі?» - деп жазған. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 6 | |
| Всего комментариев: 0 | |
