МАҚТАНШАҚТЫҚ Мақтаншақ адамның сипаттары Бірінші: Өзге адамдардың алдында өзінің шынайы болмысын жасырып, өзінде жоқ дүниені, бойында жоқ сипаттарды бар етіп көрсетіп, сол арқылы мақтанғанды жақсы көреді. Екінші: Көпшілік ортада өзгелерге сөз бермей, тек өзінің жеткен жетістіктері жайында әңгімелеп, басқаларды тамсандырғанды ұнатады. Қандай да бір жақсы нығметке ие болғанда оны тезірек адамдардың алдында көрсетіп, олардың мақтауын күтеді. Ешкім мақтамаған жағдайда жүрегінде реніш пайда болады. Үшінші: Адамдардың оған қызыға қарауынан, тамсануынан ерекше ләззат алады. Төртінші: Өзгелер сүйсіне қарау үшін көпшіліктен ерекшеленгенді, өзіне ерекше ілтипат көрсеткенді ұнатады. Бесінші: Өз өмірінің сәтсіз тұстарын өзгелердің білгенін қатты орқады. Өзінің жетістіктері жайында өтірік-шынды араластырып, асырып айтып, мақтанғанды қатты сүйеді. Абай Құнанбайұлы үшінші қарасөзінде: «Әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады. Мұың бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан, өзге егін, сауда, өнер, ғылым – солар секілді нәрселерге салынса, бұлай болмас еді», - деп айтқан. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 5 | |
| Всего комментариев: 0 | |
