КӨҢІЛ ҚАЛАУЫНА ЕРУ Көңіл қалауы қасиетті Құранда «әл-һәуә» деп аталып, тілдік тұрғыда «иілу, құлау, төмен түсу» деген мағыналарды білдіреді. Әдетте бұл сөз адамның теріс істерге көңілінің ауып, нәпсінің қалауына еру мағынасында қолданылады. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Кімде-кім Алланың алдында (сұраққа тартылып) тұрудан қорықса, нәпсіні қалауынан тыйса, оның барар орны жәннат болады» («Назиғат» сүресі, 40-41-аяттар), - деп айтқан. Әлдебір істі қалау – адамның жаратылыс табиғатында бар. мүлде еш нәрсені қаламайтын адам болмайды. Мұсылман адам жақсы мен жаман қалаудың парқын ажырата білуі қажет. Көңілі қалағанының бәрін орындай беретін пенде түрлі күнәлі істерге бой алдырып, өмірінен береке кетіп, нәпсісінің құлына айналады. Көңіл қалауын игерген, керек кезде тежей білген адам бұл дүниеде де, ақыретте де бақытқа кенеледі. Шәкәрім қажы Құдайбердіұлы: Кейде жақсыны іздейміз, кейде жаман, Көңіл неге қызықса – соған таман. Дене жеңсе, түпсізге қызығамыз, Жан билесе, жаманнан қалмақ аман, - дейді. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 9 | |
| Всего комментариев: 0 | |
