ҒАПЫЛДЫҚ Ғапылдықтың түрлері Ғапылдықтың мынадай екі түрі болады: Бірінші: Дұрыс деп танылатын ғапылдық. Адамның күнәлі істерге ден қоймауына да ғапылдық делінеді. Бұл ғапылдық жүрек дерті емес, керісінше құпталатын іс. Алла Тағала қасиетті Құранның «Нұр» сүресінің 23-аятында: «Расында абыройлы, арсыз істерге ғапыл, мүмин әйелдерге жала жапқандар дүние мен ақыретте лағынеттелді. Әрі олар үшін үлкен азап бар», - деп айтқан. Бұл аятта ғапылдық мүмин әйелдердің бойында болатын жақсы сипаттар қатарында аталған. Табари тәпсірінде «мүмин әйелдер арсыз істерден ғапыл» деп түсініктеме беріледі. Екінші: Бұрыс деп танылатын ғапылдық. Ізгі амал жасауға, құлшылық етуге, Құран аяттары жайында ойлануға, зікір етуге, қиямет күні сияқты адам баласы бейғам болмауы керек істерге қатысты ғапылдық таныту. Біздің тақырыбымызға арқау болған да жүрек дерті деп танылған ғапылдықтың осы түрі. (жалғасы бар) баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 5 | |
| Всего комментариев: 0 | |
