Қалып қатпарлары

ҒАПЫЛДЫҚ

Тілдік мағынасы: Қазақ тіліндегі «ғапылдық» сөзі араб тіліндегі «ғә-фә-лә» етістігінен туындап, тілдік тұрғыда әлдебір затты ұмытып не әдейі тастау деген мағынаны білдіреді. Ендеше, адамның орындауы керек болған әлдебір іске селқос қарауы, елемеу арқылы тастауы қоюы және ашық түрде бет бұруы да ғапылдық делінеді. Абай хакім: «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар, Ата-анаың қызынан ғапыл қалма», - деп, ғапылдықты осы мағынада қолданған.

Терминдік мағынасы: Ғапылдық деп – көңіл қалауына еріп, орындау қажет болған қандай да бір амалдың жауапкершілігін сезінбеуді айтамыз.

 

Ғапылдықтың зияндары

Ғапылдық – адамның бойына білдіртпей еніп, оны екі дүние бақытынан құр қалдыратын жүрек дерті. Ғапыл адам өзіне берілген ақылмен ойланбайды, көзімен ақиқатты көрмейді, құлағымен насихатты тыңдамайды. Бейне бір ұйқылы адамдай күй кешеді. Сол себепті де Алла Тағала қасиетті Құранда құлдарын бұндай жаман сипаттап сақтануға шақырып, бұрынғы қауымдардың азабы жайында:

«Оларға азап келген кезде: «Уа, Мұса! Раббыңа, саған берген уәдесі бойынша жалбарын. Егер бізден азабын айықтырсаң, әрине саған сенеміз де Израил ұрпақтарын сенімен бірге қоя береміз» деді. Қашан олардан белгілі мерзімге дейін азапты айықтырсақ, сол уақытта олар серттерін бұзды. Аяттарымызды жасынға шығарып, оған ғапылдық танытқандықтарынан оларды теңізге батырып жазасын тарттырдық» («Ағраф» сүресі, 134-136-аяттар), - деп айтылған.

Қасиетті Құран аяттары мен ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде ғапылдықтың өзге де зияны жайында көптеп айтылған. Олардың кейбіріне тоқталып өтер болсақ, мынадай:

Бірінші: Ғапылдық дұғаның қабыл болуына кедергі келтіреді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Алланың жауап беретініне кәміл сеніп, дұға етіңдер. Сондай-ақ Алла Тағала жүрегі өзге нәрсеге алаңдаулы, ғапыл жанға жауап бермейтінін біліңдер» (Тирмизи, 3479; Хаким, 1/393), - деп айтқан.

Екінші: Ғапылдық Алла Тағаланың мейірімінен алыстатады. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Сендер таспих, тәһлил, тақдис айтуларың қажет. Әрі бұны саусақтарыңның ұштарымен қылғандарың дұрыс. Расында олар қиямет күні шақырылып сұралатын болады. Алла Тағаланың мейірімін ұмытып, бұған ғапылдық қылмаңдар» (Тирмизи, 3583), - деген.

Аталмыш хадисті әл-Қари (Алла оны рақымына алсын): «Зікірді тастаушы болмаңдар. Зікірді тастасаңдар оның саубаынан мақрұм қаласыңдар да, Алла Тағаланың мейірімін тастағандай боласыңдар», - деп түсіндірген.

Үшіншісі: Ғапылдық ақиқатты көрмейтін етіп адамның жүрегін мөрлейді: Алла Тағаланың қасиетті Құранның «Ағраф» сүресінің 179-аятында:

«Рас, жаһаннам үшін де көптеген жын, адамдар жараттық. Олардың жүректері бар, алайда олар онымен түсінбейді. Көздері бар, онымен көрмейді. Және олардың құлақтары бар, олар арқылы естімейді. Олар хайуан тәрізді, тіпті одан ары адасуда. Міне, солар ғапылдықтағылар», - деп айтқан. (жалғасы бар)  

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (14/10/2025)
Просмотров: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: