Қалып қатпарлары

ДӨРЕКІЛІК

Тілдік мағынасы: Дөрекілік араб тілінде «әл-жәфа-у» деп айтылады. «Өзгеге жапа шектіру, қаттылық таныту, қатыгез облу» сияқты мағыналарды білдіреді.

Терминдік мағынасы: Дөрекілік – өзгені сыйламау, қарым-қатынаста қаттылық танытып, жұмсақтықтан ада болу.

 

Дөрекіліктің зардаптары

Адамдардың жүрегін бір-бірінен алыстатып, олардың арасында жеккөрініштің ұялауына себепші болатын, мұсылман адамға жат мінездің бірі – дөрекілік. Алла Тағала қасиетті Құранның «Әли Имран» сүресінің 159-аятында ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Оларға Алланың мейірімі бойынша, жұмсақ сыңай байқаттың. Егер тұрпайы, қатал жүректі болсаң еді, әрине олар маңайңнан тарқап кетер еді. Сондықтан оларды кешірім етіп, олар үшін жарылқау тіле де, іс жөнінде олармен кеңес қыл. Сонда қашан қарар берсең, Аллаға тәуекел ет. Негізінен Алла тәуекел етушілерді жақсы көреді», - деп айтқан.

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдармен қарым-қатынаста дөрекілік атаулыдан мүлде ада, өте жұмсақ болды. Тіпті жауларымен мәміледе де ешқашан дөрекілікке барған емес. Ардақты Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үлгі еткен әр мұсылман сөзі мен ісінде барынша жұмсақ болуы қажет. Хадисте:

«Ұялшақтық – иманнан, имандылық – жәннаттық (сипат). Азғындық – дөрекіліктен, дөрекілік – тозақтық (сипат)» (Тирмизи, 2009 / Ахмад, 10519), - деп айтылған.

Дөрекі адамдар әдетте өзгелердің ар-намысына, жеке басының қадір-қасиетіне тиетін сөздер айтуға дайын тұрады. Өзіне ұнамаған әлдебір сөзге не іске бірден ашуланып, айналасындағы заттарды қирату, лақтыру, қолымен ұрып, аяғымен тебу сияқты істерге жиі барады. Өмірінен берекет кетіп, соңында өкініш пен қайғыға душар болады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Кімде-кім жұмсақтықтан құр қалса, барлық жақсылықтан құр қалады» (мүслим, 2592), - деп айтқан. (жалғасы бар)  

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (23/09/2025)
Просмотров: 5 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: