Қалып қатпарлары

ТӘКАППАРЛЫҚ

Тілдік мағынасы: «Тәкаппарлық» сөзі ара тілінде «әл-кибру» деп аталып, «кабура» түбірінен туындайды. Ол «өркөкіректік, менмендік, өзін жоғары көру» деген мағыналарды білдіреді. Қасиетті Құранда Алла Тағала:

«Жер жүзінде орынсыз тәкаппарларғандарды белгілерімнен алыстатамын» («Ағраф» сүресі, 146-аят), - деп айтқан.

Әз-Зужаж бұл аяттағы «тәкаппарларғандар» деген сөзді мағынасы жайында: «Олар өздерін жаратылыстың абзалы көріп әрі оларға басқаларға берілмеген артықшылықтар берілген деп ойлайды. Ал бұл сипат тек Алла Тағалаға лайық. Өйткені ешкімге берілмеген құдірет пен артықшылық Алла Тағалаға ғана тән» («Мәусуғату надрату-н-нағим», 11/5352), - деп айтқан.

Терминдік мағынасы: Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тәкаппарлық жайында:

«Тәкаппарлық – ақиқатты мойындамау және адамдарды менсінбеу», - деп анықтама берген. Тәкаппарлықтың көптеген анықтамасы бар. Олардың негізгі мағынасы бір-біріне ұқсас. «Ихияу ғулумуддин» кітабында былай делінген: «тәкаппарлық адамның өзін ұлық тұтып, өзін басқалардан артық бағалауы» делінсе, тағы бірде: «Тәкаппарлық – адамның өзіне тамсанып, өзін басқалардан жоғары санауы» (Имам Ғазали, Ихияу ғулума-д-дин, 3/345), - деп айтылған.

Ыбырай Алтынсарин «Мұсылманшылықтың тұтқасы» еңбегінде тәкаппарлыққа қатысты: «Тәкаппаршылық, яғни өзін-өзі бөтендерден білімде болсын, құлшылықта болсын яки дүниеде адамдар арасындағы істерінде болсын, жоғары санап жүру. Тәкаппаршылық – дүниеде өткен жақсылықтарыңды жойып кететін мінез», - деп анықтама берген.

 

Тәкаппарлықтың үкімі

Имам әз-Зәһаби (Алла оны рақымына алсын) тәкаппарлық үлкен күнәлара қатарына кіретінін айтқан. Ғалым өз сөзіне дәлел ретінде көптеген аяттар мен хадистерді келтірген. Ол кісі: «Тәкаппарлықтың ең жаманы – өзінің білімін көрсетіп тәкаппарлану. Өйткені ол (оқыған) білімі өзіне пайда бермеген адам. Кімде-кім білімді мақтану, басшы болу не мұсылмандардың алдында тәкаппарлық қылу үшін оқыса, адамдарды ақымақ санап, оларды төмен көрсе, бұл үлкен күнәлар ішіндегі үлкені болмақ. Себебі жүрегінде тозаңның түйіріндей тәкаппарлығы болған адам жәннатқа кірмейді», - деген.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (01/09/2025)
Просмотров: 7 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: