КӨРЕАЛМАУШЫЛЫҚ Көреалмаушылықты емдеу жолдары Кімде-кім өзінің бойында көреалмаушылық дерті бар екенін сезсе, мынадай амалдар атқаруы қажет: Бірінші: Алла Тағаладан жәрдем сұрау. Бұндай дертке шалдыққан адам ең әуелі көреалмаушылықтың адам жүрегінде болатын ауыр дерт, жаман мінез екенін шынайы түсініп, осыдан арылуды қалап, Алла Тағаладан өзінің бойындағы дерттен арылуды сұрап, дұға етуі тиіс. Екінші: Дүние тұрғысынан өзінен төменгілерге қарау. Адам дүние, мансап, атақ, даңқ тұрғысынан өзінен жоғары, бай әрі ауқатты адамдарға қараған сайын қанағаты азаяды. Шайтан оны: «Ол адамда бар нәрсе неге менде жоқ», - деген сияқты түрлі ойға шомылдырып, оның түбі қызғаныш, көреалмаушылық, жек көру сияқты т.б. түрлі жаман дертке алып келеді. Сол себепті ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бізге дүние тұрғысынан өзіне төмен адамадрға қарап, шүкірлік етуді үйреткен. Ол турасында жайында шәріпте: «Өздеріңнен төмендегілерге қараңдар, өздеріңнен жоғарыдағыларға қарамаңдар, өйткені бұл сендерге Алланың берген нығметін азырқанбауларың үшін жақсы» (Бұхари, 6490 / Мүслим, 2963), - деп айтқан. Үшінші: Тағдырға ризалық қылу. Көреалмаушылық – Алла Тағаланың тағдырына қарсы шығу. Себебі көреалмаушылық қылушы өзгеге Алла Тағаланың қалауымен берілген нығметке риза болмай, одан сол нығметтің кетуін қалайды. Қасиетті Құранда: «Немесе олар, Алланың өз кеңшілігімен адамдарға бергенін қызғана ма?» («Ниса» сүресі, 54-аят), - деп айтылған. Нығметті беруші Алла Тағала болғандықтан, пенде Алланың жазғанына ризалық білдіріп, өзгенің қолындағы несібеге көреалмаушылық қылмауы тиіс. Төртінші: Нығмет иесіне дұға ету. Қайсыбір адамға деген көреалмаушылық тууынан күдіктенген адам, бірден ол адам үшін Алла Тағаладан берекет тілеп, дұға етуі қажет. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер қайсыбірің бауырының бойынан, өзін таңғалдыратын нәрсені көрсе, оған берекет тілеп, дұға етсін» (Ахмад, 4/447; Ибн Мәжа, 3507), - деген. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 8 | |
Всего комментариев: 0 | |