Қалып қатпарлары

КӨРЕАЛМАУШЫЛЫҚ

Көреалмаушылық қылған адамның жамандығынан сақтануға себеп болатын амалдар

Бірінші: Көреалмаушылық қылушының жамандығынан сақтауын тілеп, дұға ету. Бұндай дұғаның ең үлкені қасиетті Құрандағы «Фалақ» сүресі. Ол сүреді:

«Таңның Раббысына сиынамын. Жаратқан нәрселеренің жамандығынан. Қараңғылық басқан сәтте, түннің жамандығынан. Түйіншектерге дем салушылардың жамандығынан. Көреалмаушылық қылушының жамандығынан, ол көреалмаушылық қылған сәтте (сиынамын), - деп айт» («Фалақ» сүресі), - деп айтылған.

Екінші: Тақуалық. Кімде-кім тақуалық қылса, ол адамды Алла Тағала Өзі қорғап, панасына алып, көреалмаушының, өзге де жамандық ойлаушылардың жамандығынан сақтайды. Алла Тағала қасиетті Құранның «Әли Имран» сүресі, 120-аятында:

«Егер сабыр етіп, тақуалық қылсаңдар, олардың айласы сендерге ешқандай да зиян бере алмайды» («Әли Имран» сүресі, 120-аят), - деп айтқан.

Үшінші: Көңілге алмау. Бұған адамның көреалмаушылық қылушы тарапынан бір зиян келеді деп ойлаудан сақ болуы, қорықпауы, оған мән бермеуі сияқты істерді жатқызамыз.

Төртінші: Тәуекел ету. Көреалмаушылық қылушының зиянынан сақтанудың ең жақсы тәсілі – әлемдердің Раббысы Алла Тағалаға тәуекел ету. Өйткені кімде –кім Алла Тағалаға тәуекел етсе, Алла Тағала оны барша жамандық пен зияннан сақтайды. Қасиетті Құранда:

«Ал кім Аллаға тәуекел қылса, сонда Ол оған жетіп асады» («Талақ» сүресі, 3-аят), - деп айтылған.  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (05/05/2025)
Просмотров: 16 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: