Қалып қатпарлары

КӨРЕАЛМАУШЫЛЫҚ

Көреалмаушылық зардаптары

Үшінші: Көреалмаушылық адамдар арасындағы өшпенділікке алып келеді. Жүрегін көреалмаушылық кернеген адам түрлі жаман ойға шомып, соның салдарынан өкінішке душар ететін түрлі күнәлі істерге баруы әбден мүмкін. Бұл сөзіміздің мысалы ретінде қасиетті Құрандағы Адам пайғамбардың ұлдары Қабыл мен Әбілдің қиссасын мысал етуімізге болады. Адам пайғамбар адамзат ұрпағын көбейту үшін Қабылдың қарындасын Әбілге, Әбілдің қарындасын Қабылға қосуды ұйғарады. Алайда Қабыл өзінің қарындасын Әбілге бергісі келмей, көреалмаушылық қылды. Бұл көреалмаушылығы өршіп, соңында өз інісіне қол жұмсап, оны өлтіруге дейін алып барады. Бұл оқиға қасиетті Құранда былай деп баяндалған: (Мұхаммед) оларға Адамның екі ұлының әңгімесін шынайы түрде оқы: «Сол уақытта екеуі Аллаға жақындау үшін құрбан шалған еді. Сонда біреуінен қабылданып, екіншісінен қабылданбаған еді. (Құрбаны қабылданбаған Қабыл): «Әлбетте мен сені өлтіремін», - деді. Сонда (Әбіл): «Алла сөзсіз тақуалардың құрбанын қабыл етеді. Сен мені шын өлтіруге қол созсаң да, мен сені өлтіру үшін қол созбаймын. Күдіксіз мен әлемдердің Раббысы Алладан қорқамын! Сөзсіз мен сенің күнәнң мен менің күнәмді жүктеп, тозақтық болуды қаламаймын», - деді. Осы залымдардың жазасы. Сонда оның нәпсісіс туысын өлтіруге қызықтырды да, ол оны өлтіріп, зиянға ұшыраушылардан болды» («Мәида» сүресі, 27-30-аяттар).

Төртінші: Көреалмаушылық – Пайғамбар заманындағы Меккелік құрайыштықтардың сипаты. Алла Тағала сүйікті Елшісіне Құранды түсіріп, оған үлкен дәреже сыйлады. Алайда Меккелік құрайыштықтар пайғамбарлыққа қатысты түсінікті өздерінің дүниелік өлшемдерімен бағалайтын еді. «Пайғамбар өз арамыздан шығу керек еді» деп, Алла елшісіне көреалмаушылық қылатын. Алла Тағала қасиетті Құранда олардың бұл теріс түсініктері жайында:

«Олар: «Бұл Құран екі (Мекке, Тайып) қаладан ірі бір адамға түсірілісе еді», - деді. (Мұхаммед) Раббыңның мәрхаметін олар бөліп бере ме? Олардың дүние тіршілігіндегі несібесін араларына Біз үлестірдік. Сондай-ақ бір-біріне бағынсын деп, бірін-бірінен дәрежеде көтердік. Раббыңның мәрхаметі олардың жиған-тергендерінен артық» («Зұхруф» сүресі, 31-32-аяттар), - деп айтқан.

Бесінші: Көреалмаушылық – екіжүзділіктің сипаты. Екіжүзділер – сырттай мұсылман болып көрініп, іштей иман етпегендіктен, әркез көреалмаушылық қылып, мұсылмандарға зұлымдық ойлайтын. Қасиетті Алла Тағала қасиетті Құранда ол жайында:

«Егер сендерге бір жақсылық нәсіп болса, олар қайғы шегеді. Егер, сендерге бір жамандық келсе, қуанады. Егер сабыр етіп, тақуалық қылсаңдар, олардың амал-айласы сендерге титтей де зиян келтірмейді» («Әли-Имран» сүресі, 120-аят), - деп айтқан.

Алтыншы: Көреалмаушылық қылушының ізгі амалдары жойылады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген:

«Көреалмаушылықтан сақтаныңдар. Расында, от ағашты жойып жібергеніндей, көреалмаушылық та ізгі амалдарды жойып жібереді» (Әбу Дәуіт, 4903).  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (21/04/2025)
Просмотров: 18 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: