Қалып қатпарлары

КӨРЕАЛМАУШЫЛЫҚ

Тілдік мағынасы: Көреалмаушылық араб тілінде «әл-хасаду» деп аталып «көреалмау, күншілдік, қызғану, іштарлық қылу» деген мағыналарды білдіреді. Алла Тағала қасиетті Құранның «Ниса» сүресі, 54-аятында:

«Сонда олар Алланың өз молшылығынан адамдарға берген игіліктері көре алмай ма?» - деп айтылған. Көреалмаушылыққа ұқсас «әл-ғибтату» деген сөз бар. Оның мағынасы: «Өзгедегі нығметке қызығу, соған қол жеткізуге тырысу, нығмет иесіне жамандық ойламау» дегенді білдіреді. Бұл жаман көреалмаушылықтан мүлде бөлек сипат. Хадис шәріпте:

«Екі адамнан басқаға көреалмаушылық қылмау қажет. Олар: Алла Тағала Құран (ілімін) беріп, онымен күндіз-түні шұғылданған адам және Алла Тағала дүние беріп, оны күндіз-түні игілікке жұмсаған адам» (Бұхари, 71), - деп айталған.

Терминдік мағынасы: Өзгеге берілген қандай да бір нығметті (дүние, мансап т.б.) ұнатпау, ол адамның берілген нығметінен айырылып қалуын қалау.

Ыбырай Алтынсарин «Мұсылманшылық тұтқасы» еңбегінде былай деген: «Хасад дегеніміз – күншілдік. Яғни біреудегі Құдай Тағаланың берген дәулетін не ілімін, не бір пайдалы ісін көріп, ол дәулеттердің ол адамнан кетуін тілемек. Ұрлық ету, біреудің не малын, не білімін, не бағын күндеп қас болу немесе өлтіру, малын алу, біреуді талау, пара, өсім алу. Осындай бұзық істердің бәрі де кісідегі дәулетті өзімдікі етіп алайын не болмаса өзімнен білімді кісі болмасын деп ойлайтын мінезден табылады». (Ыбырай Алтынсарин, «Мұсылманшылықтың тұтқасы», 53-бет)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (08/04/2025)
Просмотров: 14 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: