АШУ Ашуды емдеу жолдары Төртінші: Қал-жағдайды өзгерту. Ашуланған кезде тұрған адам отырып, отырған адам жатып, өзінің қал-жағдайын өзгерткені дұрыс. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер біреулерің тұрып тұрған халінде ашуланар болса, отыра қалсын, егер ашуы тарқамаған болса, жатсын» (Әбу Дәуіт, 4782; Ахмад, 5/152; Ибн Хиббан, 12/501), - деп айтқан. Ашуланған адамның отырып, не жатып, барынша кішірейіп, жерге жақындауындағы даналық – өзінің жерден жаралғанын есіне алып, тәкаппарлығын басу. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Кім өзінің бойынан сондайды табатын болса, бетін жерге тигізсін» (Ахмад, 11127;11573), - деген. Төртінші: дәрет алу. Ашуланғанда суық сумен дәрет алу пендені салқындатып, сабасына түсіреді. Бұл турасында Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Расында, ашу – шайтаннан. Ал шайтан оттан жаратылған. Отты су өшіреді. Егер ашуланар болсаңдар, дәрет алыңдар» (Ахмад, 17950), - деп насихат айтқан. Бесінші: Ашудың соңы өкінішпен бітетінін еске алу. Адам ашуланғанда орны толмас өкінішке душар болмас үшін, ашуын ақылына жеңдіре білуі қажет. Халық даналығында «Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос» дейтіні бекер емес. Ашуды ақылға жеңдіру үшін адам баласына үлкен жігер мен қайрат қажет. Алтыншы: Ашуды жұтудың артықшылықтары жөнінде білу. Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде ашуды жұтудың көптеген сауабы мен артықшылықтары жөнінде айтылған. Бұндай хадистерді оқу арқылы пенде өз бойындағы ашуды басып, тәрбиелеуге үлкен күш-жігер алады. Мысалы, Әбу Дарда (Алла оған разы болсын) Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп: «Уа, Алланың елшісі! Мені жәннатқа кіргізетін амалды көрсетіңізші», - дегенде, пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ашуланба, сонда жәннатта боласың» («Сахиху-т-тарғиб», 2749), - деп айтқан. Ашу келгенде өзін ұстай білу Алла Тағаладан шынайы қорыққан, нәпсісін жеңе білген адамдардың ғана қолынан келеді. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Нағыз мықты біреуді ұрып құлатқан емес, шынайы мықты – ашу кезінде өзін ұстаған адам» (Бұхари, 6114; Мүслим, 2609), - деген. Ахмет Иүгінеки: «Өз ашуын өзі баса білген адам – күшті адам», - дейді. Халқымызда бұған қатысты. «Аюды жеңген – жарты ер, ашуды жеңген – бүтін ер», - делінген нақыл сөз бар. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 8 | |
Всего комментариев: 0 | |