Қалып қатпарлары

АШУ

Ашуды емдеу жолдары

Шал ақын «Ашуланшақ келеді жарлы кісі» деп айтқандай басынан сөз асырғысы келмей, болмашы іске ашулана беру – рухани жұтаңдықтың, жүректің дертті екенінің белгісі. Бұндай адам жүрегіндегі дертін емдеп, ашу келгенде нәпсісін ұстап, өзін тәрбиелеуі қажет. Дінімізде ашуды емдеудің мынадай жолдары айтылған:

Бірінші: «Әғузу билаһи минаш-шайтонир-ражим» деп айту. Ашу шайтанның азғыруынан туындыдайды. Ал «Қуылған шайтаннан Аллаға сиынамын» дегенді айту адамды шайтанның жамандығынан сақтайды. Алла Тағала қасиетті Құранда:

«Сен шайтан түртер (азғырар) болса, онда Аллаға сиын! Алла расында бәрін де естіп, біліп тұрушы. Тақуалар өздерін шайтан төңіректегенде (Алланы) еске алады, ақиқатқа көз жеткізіп, қырағылық қылады» («Ихия» сүресі, 200-201-аяттар), - деп айтқан.

Сүлеймен ибн Сардтан (Алла оған разы болсын) мынадай оқиға жеткен: «Бір күні Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасында отырғанымда оның алдында екі адам өзара сөзге келіп қалды. Сол-ақ екен, бірі ашумен екіншісін тілдеп, жүзі қызарып сала береді. Сол сәтте ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Расында мен сондай сөзді білемін. Егер оны айтқан болса, бойында бар (ашуы) міндетті түрде тынышталар еді. Ол «Қуылған шайтаннан Аллаға сиынамын» (Әғузу билаһи минаш-шайтонир-ражим) десе, (ашуы) басылған болар еді» (Бұхари, 3282), - дейді. Тағы бір хадисте:

«Адам шауланған кезінде «Әғузу биллаһи» дейтін болса, ашуы басылады» ((«Сахих әл-жамиғу әс-сағир», 695-бет), - деп айтылған.

Екінші: Өзін қолға алып, ұстау. Адам бойында жақсы сипаттармен қатар жаман сипаттар да бірге жаратылған. Бұл пенде атаулыға берілген сынақ. Ол өз бойындағы жаман сипаттарды басып, жақсы сипаттарын дамытуы қажет. Алла Тағала қасиетті Құранның «Әли-Имран» сүресі, 133-134-аяттарында тақуа жандардың бірнеше сипатын баяндайды. Сол сипаттың бірінде:

«(Олар) ашуын жұтушылар» («Әли Имран» сүресі, 133-134-аяттар), - деп айтылған. Алла Тағала тақуаларды «ашуланбайтындар» деп сипаттамаған. Себебі тақуа адамның бойында да ашу болады. Оның өзге адамдардан айырмашылығы – ашуы келгенде өзін ұстап, ашуын баса біледі. Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ашуланба», - делінген хадисін ғалымдар: «Ашу келгенде оның зиянды әсерінен өзіңді ұста», - деп түсіндірген.

Ашуын ұстау білуіне қарай адамдар төрт түрге бөлінеді. Олар:

А) Жылдам ашуланып, жылдам басылатындар;

Ә) Баяу ашуланып, баяу басылатындар;

Б) Жылдам ашуланып, баяу басылатындар;

В) Баяу ашуланып, жылдам басылатындар.

Алғашқы үшеуі дінімізде дұрыс деп танылмайды. Мұсылманға сай келетін сипат – бұның төртіншісі. Өйткені ол әркез өзін ұстай алып, кез-келген ұсақ-түйек мәселелерге жүйкесін тоздырмайды.

Үшінші: Үндемеу. «Ашуың келсе – қолың тарт, айтпас жерде – тілің тарт» делінгеніндей, ашу үстінде адам өз сөзіне ие болмаса, арты өкінішке душар етеді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Егер қайсыбірін ашулансаңдар, үндемеңдер» («Муснаду имаму Ахмад», 1/329), - деп ашуланған кезде үндемеуді бұйырған. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (17/03/2025)
Просмотров: 11 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: