АШУ Тілдік мағынасы: Ашу араб тілінде «әл-ғадабу» деп айтылып, «әр-рида-у» ризалық сөзінің антонимі ретінде қолданылады. Терминдік мағынасы: «Кек алу үшін жүректегі қанның қайнауы» («Муфрадату әлфазу қурану әл-карим», әр-Рабиғ әл-Әсфаһани, 75-бет).
Ашудың зияндары Ашу – адамның өзгелердің алдында қадірінің түсуіне, өзінде бар нығметтен айырылуына, үлкен өкініште қалуына себепші ететін жүрек дерті. Ашуға бой алдырған адам өзіне игере алмағандықтан, шайтанның айтқанына еріп, айдағанына көнетін ермегіне айналады. Қоғамдағы көптеген қылмыстардың болуына, отбасылардың ажырасуына, жақын адамдардың жүрегінде бір-біріне өшпес реніш отынын пайда болуына себепкер болатын да осы – ашу. Пенденің дүние ақыретіне үлкен зиян алып келетін болғандықтан, Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінен өсиет айтуды сұрап келген адамға ашуланбауды насихат еткен. Ол турасында Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте: «Бір адам Пайғамбарымызға: «Маған өсиет айтыңыз», - деп өтінеді. Ол «Ашуланба», - деді. Осыдан кейін әлгі адам (өз сұрағын) бірнеше рет қайталады. (Пайғамбарымыз әр жолы): «ашуланба», - деуден танбады» (бұхари «Фатху-л-бари», 456/10), - делінеді. Ашудың зиянын ескерген ата-бабаларымыздан: «Анадан артық дос бар ма, ашудан жаман қас бар ма?», «Ашумен басталған іс абыройсыз аяқталады», «ақылы аздың – ашуы көп, таяз судың тасуы көп» деген көптеген нақыл сөздер жеткен. Ашудың зиянын мынадай екі түрге бөліп қарастыруымызға болады. Бірінші: Адамның өз басына келтірер зияндары. А) Жүрек талмасына әкеліп соғады. Ә) Ашу адамның қан қысымын көтеріп, жүрек қағысын ұлғайтады, қан тамырларын кішірейтіп, тромбылардың пайда болуына ықпал етеді. Сол үшін де ашудың инфаркт қаупін туындататын себептерге жатқызады. Б) Ойлау қабілетін нашарлатады. Адам баласы ашуланғанда санасы қалыпты жұмыс істеу қабілетінен айырылады. Өйткені ол өзінің ашулануына себеп болған мәселе төңірегінен басқаны ойлай алмайды. «ашуланып тұрып шешім қабылдама, қуанып тұрып уәде берме» деп айтылған даналық сөздегідей ашулы күйдегі адам шешім қабылдауда аса сақ болуы қажет. В) Өкінішке алып келеді. Ашу үстіндегі адам әдетте өзін ұстай алмай әлдебір істі бүлдіреді. Артынан орны толмас өкініш пен қайғыға ұласып жатады. Бұның бәрі адамды психологиялық күйзелістерге душар етеді. Екінші: Өзгелерге келтірер зияны. А) Қоғамдық қарым-қатынасты бұзады. Ашумен айтылған сөз не істелген іс арқылы жақын адамдар, достар, отбасылы адамдар бір-бірін енді көрместей ренішке барады. Ә) Ұрыс-керіс, төбелес, өзгеге қол жұмсау, тіпті қан төгу сияқты күнәлі істерге итермелейді. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 19 | |
Всего комментариев: 0 | |