Қалып қатпарлары

РИЯКЕРЛІК

Риякерліктің зардаптары

3. Риякерлік – азапқа жетелейді. Қиямет күні ең алдымен сұраққа алынатын адамдардың ішінде күнәһарлар емес, керісінше ізгі амал жасай тұра сол амалымен Алланың ризалығынан басқа мақсатты көздеген адамдар болады. Ол жайында хадисте былай делінеді: «Расында, ең бірінші болып Ақыретте сұралынатын Алла жолындағы шайқаста қаза тапқан адам болады. Оны алып келеді де Алла оған Өзінің рақымшылығын есіне салады, ал ол болса бәрін мойындайды. Сосын Алла одан: «Сен соған ризашылық ретінде не істедің?» - деп сұрайды. Ол: «Мен өлгенше Сенің жолыңда крестім»» - дейді. Алла: «Сен өтірік айтасың, өйткені сен, өзің туралы адамдар: «Батыр»» - деп айтсын, - деп шайқастың және олар солай айтты!» - дейді. Сосын ол адам жайлы оған сәйкес әмірлер беріліп, оның жүзін төмен қаратып тозаққа тастайды. Содан кейін білім алған, білімін басқаларға үйреткен және Құран оқыған адамды алып келіп, Алла оған өзінің көрсеткен рақымшылығын есіне салады да одан: «Сен соған ризалышық ретінде не істедің?» - деп сұрайды. Ол: «Мен білім үйреніп, оны басқаларға үйреттім және Сен үшін Құран оқыдым!» - дейді. Алла: «Сен өтірік айтасың, өйткені сен адамдар: «Мынау білімді!» - деп айтсын деп, сондай-ақ Құранды адамдар: «Мынау білімді!» - деп айту үшін оқыдың және адамдар солай айтты!» - дейді. Сосын ол адам жайлы оған сәйкес әмірлер беріліп, тозаққа тастау үшін жүзін төмен қаратып сүйрейді. Сосын Алла оған кең ризық нәсіп еткен және оны түрлі байлықпен қамдаған адамды алып келіп, Алла оған Өзінің көрсеткен рақымшылығын есіне салады да, одан: «Сен соған ризашылық ретінде не істедің?» - деп сұрайды. Ол: «Сен риза болатын ешбір мүмкіншілікті мүлт жібермей, Сен үшін ақша жұмсадым», - дейді. Алла оған: «Сен өтірік айтасың, сен оны адамдар өзің жайлы: «Мынау жомарт!» - деп айту үшін істедің және адамдар солай айтты!» - дейді. Сосын ол адам жайлы оған сәйкес әмірлер беріліп, тозаққа тастау үшін жүзін төмен қаратып сүйрейді». (Мүслим, 1905)

Пенде қандай да бір ізгі амал атқарғанда ол арқылы Алланың ризалығын ғана қалап, мақтану, абыройға ие болу, адамдардың ықыласына бөлену сияқты өзге мақсатты көздемеу керек. Хакім Абай қарасөзінде жоғарыдағы хадисті келтіріп, қияметте ондай риякерлерге былай деп айтылатынын ескерткен: «Дүние үшін болғандарға айтар дейді: «Сендер дүниеде қажеке, молдеке, сопеке, мырзеке, батыреке аталмақ үшін өнер қылып едіңдер, ол дүниең мұнда жоқ. Сендердің ол қызықты дүниең харап болған, сонымен қылған өнерлерің де бітті. Енді мұнда құрмет алмақ түгіл, сұрау беріңдер! Мал бердім, өмір бердім, не үшін сол малдарыңды, өмірлеріңді, бетіңе ақыретті ұстап, дін ниетің, дүниеде тұрып, жұртты алдамақ үшін сарп қылдыңдар?».

4. Риякерлік – ізгі амалдарды жояды. Риякерлік амалдарды жоятынын Алла Тағала қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 264-аятында:

«Уа, иман еткендер! Аллаға, ақырет күніне сенбей, адамдарға көрсету үшін мал сарп қылған кісідей, садақаларыңды міндет қылу, ренжітумен жоймаңдар. Міне, соның мысалы үстінде топырағы бар тас сияқты, оған қатты нөсер жауса, (топырағын шайып) тас күйінде қалдырды. Олардың еңбектері еш болады. Алла қарсы болған елді тура жолға салмайды», - деп айтқан.

Жалпы амалдардың жойылуына қасиетті Құран аяттары мен ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде «ха-би-то» етістігі қолданылған. Тіл ғалымдары бұл сөз әдетте малдың өзіне қажетті мөлшерден артық жеп, ішінің қабынып, ісініп, оған пайда емес, зиян тигізуіне байланысты қолданылатынын айтқан. Адамның да ізгілік амалды дұрыс атқармауы салдарынан құлшылығының жойылып, өзіне зиян тигізуіне қатысты да «ха-би-то» делінеді. Осыны ескерген мұсылман адам қандай да бір құлшылықты атқарғанда ниетін дұрыстап, риякерліктен барынша сақтануы қажет. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құдси хадисте Алла Тағаланың:

«Маған серік қосқан адамға Мен мүлде мұқтаж емеспін. Егер де кімде-кім бір амалды Менен бөлек тағы біреу үшін орындайтын болса, Мен одан да, оның қосқан серігінен де бас тартамын!» (Мүслим, 2985), - дегенін айтқан. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (11/02/2025)
Просмотров: 19 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: