Қалып қатпарлары

ЫСЫРАП

Тілдік мағынасы: «Ысырап» сөзі қазақ тіліне араб тіліндегі «әл-исрафу» сөзінен енген. Бұл сөздің мағынасы «артық шығынға жол беру, өзіне берілген дүниені шашу» дегенді білдіреді. Ысыраптың «әт-тәбзиру» деп аталатын түрі бар. бұл сөз дүниені рұқсат етілмеген затқа не іске жұмсауға қатысты қолданылады. Ысырап рұқсат етілген іске дүниені қажетінен тыс, асырып жұмсау болса, тәбзир – дүниені тыйым етілген істерге жұмсау. Мысалы, ақшаны арақ, шылым сияқты тыйым етілген істерге жұмсауды «тәбзир» деп атайды. Қасиетті Құранда Алла Тағала:

«Сөзсіз дүниелерін тыйым етілгенге жұмсағандар шайтанға бауыр болмақ. Ал шайтан – Раббысына тым күпірлік етуші» («Исра» сүресі, 27-аят), - деп айтқан.

Терминдік мағынасы: Ысырап – Алла Тағала берген нығметті өз орнымен қолданбау.

Әр-Рабиғу: «Ысырап – адамның әрбір ісінде қажетті болған мөлшерден асырып атқаруы. Дегенмен көбіне мал-дүниені жұмсауға қатысты қолданылады», - деген. Рабиғтың бұл сөзінен ысырап атауы мал-дүниені шашуға қатысты қолданылғанымен, адамның өзге де істеріне қатысты қолданылатынын ұғамыз. Мысалы, мал-дүниеге қатысты қолданылса, дүниені қажетті мөлшерінен артық қылып жұмсау, сөздегі ысырап – пайдасыз бос сөздерге салыну, астағы ысырап – шамадан тыс тойып жеу дегенді білдіреді.

Ыбырай Алытнсарин «Мұсылманшылықтың тұтқасы» кітабында «Исраф дегеніміз Құдай Тағала берген дәулетін харам, мәкруһ орындарға яки қай түрлі болса да тиіссіз орындарға шашып жұмсауды айтады. Бұла болғанда мырзалық, қайырлы болмақ деп бет алдына тиісті-тиіссіз орынға мал жұмсауды мырзалыққа, жақсылыққа қоспайды. Бұл мінезді дүниеде ақымақтық һәм амалды исраф дейді. Исраф  - харам. Харамды біле-көре еткен кісі отпен азапқа қалса керек. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Исраф ісі – шайтанның ағайыны» деп айтқан», - деп жазған.  

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (04/11/2026)
Просмотров: 11 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: