САРАҢДЫҚ Сараңдықтың үкімі Сараңдықтың барлық түріне қатысты оған бір ғана үкім берілмейді. Оның әр түріне қатысты жеке үкімі болады. Оның ішінде үлкен күнәға жатқызылатыны д, үлкен күнә деп танылмайтын түрі де бар. егер адамның сараңдығы оны Алла Тағала парыз еткен зекетті беруден тыятын болса, ол үлкен күнәлі іс. Сол сияқты ер адамның міндетіне кіретін отбасы нәпақасын беруде сараңдық танытуы да сараңдықтың жаман түріне жатады. Кейбір ғалымдар Алла Тағала ортақ қосу мен екіжүзділіктен кейінгі үлкен күнәлардың қатарында сараңдық тұратынын айтқан. Себебі сараң адам Алла Тағаланы жақсы көруі қажет болған жүрегімен дүниені жақсы көреді. Бұл ортақ қосу болады. Зекет пен садақаны бермес үшін түрлі сылтау іздеп, өтірік айтады. Өтірік айту – екіжүзділіктің сипатынан. Ал міндет болмаған садақадан тыятын сараңдық тыйым салынғанымен, ол пендені азапқа душар ететін үлкен күнәлі іске жатпайды. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 11 | |
| Всего комментариев: 0 | |
