Қалып қатпарлары

САРАҢДЫҚ

Сараңдықтың зияны

Адамды дүниеде абыройсыздыққа итермелеп, қияметте азапқа душар ететін жүрек дертінің бірі – сараңдық. Алла Тағала қасиетті Құранның «Әли Имран» сүресі, 180-аятында:

«Алланың кеңшілігімен берілген нығметтерін игі жолда жұмсамай сараңдық қылғандар бұл қылықтары өздері үшін қайырлы деп есептемесін. Керісінше, бұл өздері үшін жаман болады. Қиямет күні сараңдық қылып, жинаған дүние-мүліктері мойындарына оралады. Күллі аспан әлемі мен жердің бар мұрасы бір Аллаға тиесілі. Алла олардың не істеп, не қойып жүргенінен толық хабардар» («Әли Имран» сүресі, 180-аят), - деп айтқан.

Сараңдыққа салыну адамды көрсоқыр етіп, дүниеқоңыздық, өітірк айту, көреалмаушылық, қиянат қылу, ұрлық сияқты түрлі күнәлі істерге жетелейді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Сараңдықтан сақтаныңдар, өйткені сараңдық сендерге дейін өмір сүргендерді бірі-бірінің қанын төгуге итермелеп, тыйым салынған нәрселерді орындауға түрткі болып, құртқан» (Мүслим, 2578 / Тирмизи, 3564), - деп ескерткен.

Дініміз Ислам Жаратушының пендесіне берген несібесіне шүкір етіп, өзіне берілген нығметтер арқылы сауапты амалдар атқаруға әмір етіп, туыс, көрші, мұқтаждарға жәрдемдесуді бұйырады. Адам баласы дүниенің қызығына алданып, сараңдық дертіне шалдықпасы үшін, сараңдықтың ақиқатын танып, одан сақтанудың жолдарын білуі тиіс.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (23/09/2026)
Просмотров: 16 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: