АЛАУ, №3 (161), 02/12/2015

АЛАУКел, балалар, оқылық!

 

 

 

 

 

 

Газет 2002 жылғы 1 наурыздан шыға бастады      ************************************************************************************

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің қабырға газеті, shakhibbeker.ucoz.kz ibbeker@rambler.ru 03(161)

********************************************************************************

Жаңа Жолдауға жалпыұлттық қолдау

ЖАҺАНДЫҚ ДАҒДАРЫСҚА ТӨТЕП БЕРЕР НӘН ҚҰЖАТ

Әлқисса, жылдағы игі дәстүр бойынша Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына жаңа Жолдауын Астана төрінен жария етті. Бақандай бір жарым сағатты қамтыған осынау стратегиялық маңызы бар басты құжаттың арқалаған жүгі жеңіл емес. Бүкіл әлемнің ауызекі сөйлеу сөздік қорында қазақша сәнге, жаһанша трендке айналып үлгерген «жаһандық дағдарыс» Жолдаудың мазмұнына заман лебіне сай айтарлықтай өзгерістер һәм нақтылықтар кіргізуге итермеледі. Бүгінгі ахуал – біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін кез. Сонымен алдағы бір-екі жылда еліміз енсеретін асу-белестерге қысқа да нұсқа көз тоқтатып көрейік.

Елбасы биылғы Жолдау неге «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» деп аталғанын нақты дәлелдермен түсіндірді.

«Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіреткен, Тәуелсіз мемлекет атанғанымызға 25 жылдығына  аяқ басатын боламыз. Бұл – Тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық бейнесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету, оған қол жеткізуден де қиын екенін осы жылдар ішінде біз көріп білдік. Мемлекетіміздің тұғырын мызғымастай ету үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өтпелі көп, бұралаң жолдардан өтуге тура келеді», - деді Жолдауын жариялауды бастаған Елбасы Н.  Назарбаев.

Елбасы заманның күрделі кезеңдері орын алып отырғанын, аса күрделі кезеңге аяқ басқанымызды, жаңа қатерлер һәм тың мүмкіндіктермен қатар өрбіген жаһандық ахуал көз алдымызда өзгеріп жатқанын атап өтті. «Алпауыт елдердің текетіресі мен өзара санкцияларының  алмасуы дүниені тығырыққа қарай бастауда. Біздің басты экспорттық өнімдеріміздің дүниежүзілік нарықтағы бағасы еселеп құлдырағанын да көріп отырмыз. Бүгінгі ахуал – біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін кез», - деді Н. Назарбаев.

Елбасы жаһандық дағдарыстан шығудың 5 нақты бағытын айқындап берді.

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялау барысында Үкіметке 2016 жылдың 1-тоқсанының соңына дейін «Жұмыспен қамтудың» жаңа жол картасын әзірлеуді тапсырды.

Жаңа Жолдау жобаларын жүзеге асыруға 7,2 трлн. теңгеден астам қаржы жұмсалады.

Халықтың орташа өмір ұзақтығының артуын ең негізгі жетістік деп санауға болады.

«Тәуелсіздік алғаннан бері 1300-ден астам денсаулық сақтау нысаны, 1700-ден астам білім беру ошағы салынды. Бұлардың барлығын ең соңғы үлгідегі құралдармен жабдықтадық. Аса күрделі операцияларды, емдеулерді өз елімізде өз дәрігерлеріміз жасайтын жағдайға жеткіздік. Бұл ешқашан болған емес», - деп тоқталды Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы жалпы халықтың тұрмысы мен денсаулығының түзелуі нәтижесінде Қазақстанда сәбилердің туу деңгейі өскенін, халқымыздың санының жыл сайын өсуін, артқанын жеткізді. Денсаулық сақтау мәселесі мен халықтың өмір сүру жағдайының жақсаруы қазақстандықтардың өмірінің ұзақтығына әсер еткенін атап өтті.

«Тұңғыш рет қазақстандықтардың орташа өмір ұзақтығы 72 жастан асты. Бұл дегеніміз – ең негізгі жетістік деп санауға болады. 10 жылдың ішінде 64 жастан 72-ге  дейін бүкіл халықтың орташа өмірін ұзарту  ешбір елде кездескен жоқ шығар», - деді Н. Назарбаев.

Президент мемлекет қандай жағдайларда да  әлеуметтік міндеттемелерін орындап келе жатқанын, тарих түгенделіп, мәдениеттің өркендеуіне қол жеткізілгенін қадап айтты.

Әлеуметтік жәрдемақы мен шәкіртақы орташа алғанда 30 пайызға дейін көбейеді.

«Жаңа жылдан бастап бюджет қызметкерлерінің жалақысы, әлеуметтік жәрдемақы мен шәкіртақы орташа алғанда 30 пайызға дейін көбейеді. Осының барлығы халықтың болашаққа сенімін арттырады, алаңсыз өмір сүруіне толық негіз болады», - деді Президент.

«Көптеген жылдар бойы қарқынды динамикалық өсім бізге белсенді әлеуметтік саясатты жүргізуге септігін тигізді. Азаматтарымыздың өмір сапасын бірнеше есеге арттыра алдық. Экономикамыз бастан кешіп отырған қиындықтарға, жаһандық құбылыстарға қарамастан біз халқымыздың әл-ауқатын арттырып келдік. Он жылда әлеуметтік салаға жұмсалған шығыстар үш есеге артты», - деді Н. Назарбаев.
Бұл ретте Мемлекет басшысы әлеуметтік саладағы мемлекеттік басқаруларда жұмыс істейтін 1,2 млн. адамнан асатынан атап өтті. Ал мемлекет қамтамасыз етіп отырған әлеуметтік төлемдерді алушылар саны 1,5 млн адамнан асқан. 

«Экономикалық тәуекелдерге қарамастан біз халықты әлеуметтік қолдау шараларын жалғастырамыз. Мен 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысы орташа алғанда 28 пайызға, білім беру – 29, әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы орташа алғанда 40 пайызға артатынын жариялаймын. Бұл ретте бюджеттік сала қызметкерлерінің санаты бойынша жалақысына сараланған төлемді енгізу ақылға қонымды. Келесі жылы әлеуметтік жәрдемақыларды, мүгедектігі үшін берілетін жәрдемақылар мен шәкіртақы мөлшерін 25 пайызға арттыру қамтамасыз етіледі. 2016 жылдың 1 қаңтарынан біз ынтымақты зейнетақыны инфляция деңгейінен алдын ала 2 пайызға индексациялайтын боламыз», - деді Н. Назарбаев. Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап «Б» корпусына жататын мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 30 пайызға өсетін болады.

Ел экономикасын долларсыздандыру мақсатында банктер доллармен сақталатын депозиттер пайызын төмендетеді.

«Долларсыздандыру тетіктерін кеңейту арқылы ұлттық валютаға сенімнің нығаюына қол жеткізу маңызды. Бұл мәселеде Үкімет пен Ұлттық банк нақты ұсыныстар әзірлеуі қажет», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысының Жолдауында ұлттық валютаға деген сенімнің нығаюына ерекше мән берді.

Мемлекет басшысы өз сөзінде күнделік өмірге қажетті нан мен сүтті, шұжықты, киім-кешекті тек теңгеге сатып алатындығымызды баса атап өтті. Ал доллармен шетелден барып сауда-саттық жасайтындарға қажет екендігін айтты.

«Депозиттерді теңгемен сақтау тиімді, пайызы жоғары. Ал депозиттердегі доллардың пайызы өте төмен болады, бұған банктер келе жатыр. Бұл – долларсыздандырудың бір тетігі», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, 2017 жылдан бастап елімізде тегін кәсіптік-техникалық оқыту бағдарламасы барынша іске қосылатын болады. Шыны керек, тегін жоғары білім алу құқығы барлығына бұйыра бермейді. Оның үстіне күнделікті өмірде қажетті ішіп-жемді, құрал-жабдықтарды, тұрмыстық қажеттіліктерді қатардағы қарапайым жұмыскерлер жасайтынын Елбасы мысалдармен айқындады. Демек, 2017 жылдан бастап қажетті мамандықты игеру су тегін болады һәм білім алу көкжиегін одан сайын кеңейте түседі. Жалпы орта білім беру Назарбаев зияткерлік мектептер моделіне қадау-қадау қадамдармен көшіріледі.

Жаңа Жолдау жақсы қарқын алып отырған индустриалды-инновациялық дамуға септігін мейілінше тигізіп, зияткерлік-экономикалық дамуымызды одан сайын ілгерілетеді.

Елбасы һәм Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауын теледидардан тамашалаған, құлақ түріп, ұйып тыңдаған Бесқарағай ауылының зиялы қауымы еліміздің бүгіні мен ертеңін айқындайтын, баянды болашақтың басты басымдықтарын іс жүзінде бекемдедетін экономикалық-әлеуметтік, қоғамдық-саяси, ең бастысы, жалпыұлттық-халықтық маңызы алапат нән құжатты барынша қолдайтынын бір ауыздан білдірді.

Асылында, Елбасы барша Қазақстан халқын Жолдауды жүзеге асыруға қатысуға шақырды.          

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

  • 2015 жылдың 24 қарашасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер әдістемелік бірлестігі апталығы шеңберінде жоғары санатты ағылшын тілі мұғалімі Г.Ж.Қапанова 7-8 орыс сыныптары оқушыларының қатысуымен «Жұлдызды сәт» сайысын мультимедиялық дәрісханада өткізді. “Apple” және “Orange” деп аталатын екі топ арасында өткен тартыста ағылшын тілін қамтуға арналған сұрақ-тапсырмалар кеңінен қамтылды. Оқушылар қызығушылық танытты.

 

  • Сол күні мұғалім Г.Т.Байғожина қаржылық сауаттылық факультативінен 3,5,7-қазақ сыныптары оқушыларын қатыстырып «Қаржы әлемінде» атты қызықты сыныптан тыс шарасын ойдағыдай ұйымдастырды. Екі топқа бөлінген оқушылар шараның барлық кезеңіне асқан қызығушылық таныта қатысып, белсенділігімен айқындалды.

 

  • Апталық барысында мектептің кіреберіс дәлізінде кітапхана тарапынан орыс тілінде «Ертегілер әлемінде» деген тақырыпты арқалаған кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Әрлі-берлі өткен оқушылар тартымды суреттермен қатар ертегілер туралы танымдық жайттарға қарық болды.     

Білгенге – маржан

СҮЙЕК, МҮЙІЗДЕН ЖАСАЛАТЫН ЗАТТАР

Сояу – киіз, жабағы тігетін сүйек тебен.

Сүргі – тері шелін сыдыратын сүйек құрал.

Тарақ – сиыр мүйізінен әдемі шаштарақтар мен әртүрлі тісті бастарақтар жасалған.

Тастұяқ – жылқы тұяғын қайнатып, ішкі сүйектерін алып тастап, өңдеп, оюлап, өрнектеп жасаған саз аспабы. Оған бау тағылған.

Тоқуыш – (тоқубіз) – кәрі жіліктің шыбығының үшкір жағынан ілдіргі жасап жүннен тоқыма бұйымдарын (қолғап, шұлық, т.б.) жасайтын құрал.

Тіс шұқуыш – малдың, құстың сүйектерін жаңқалап, жұқалап егеп тісшұқуыш жасауға болады.

Түтік – ұсақ малдың немесе құстардың жіліктерінің екі басын кесіп тастап әртүрлі түтіктер жасайды. Оны местің, торсықтың аузына өткізсе ыдысқа құюға ыңғайлы болады. Сол сияқты жерден ұра қазғанда ауа жаңарып тұру үшін түйе жіліктерін тұрба орнына қолданған.

Қамшы сабы – киіктің терісімен кептірген сирағын балаларға, әйелдерге, сыпайы кісілерге арналған қамшының сабына пайдаланған. Мұндай қамшы сый-сияпат орнына да жүрген.

Қалақ – ірі малдың жауырын сүйегінен көмір, құм салатын шеберлер құралы жасалған.

Ожау – арқар, сиыр мүйізінен істелген сәнді қымыз ожаулар жасау хас шеберлер қолынан ғана келген.

Киім ілгіш – бұғы, арар, киік мүйіздерінен, қой, ешкі бақалшықтарынан киім ілетін ілгіштер жасаған.

Мүйізқақпай – ұрғашы сиыр мүйізінен жасалатын соғу арқылы дыбыс шығаратын саз аспабы.

Ұстара – мал қабырғасын отқа күйдіріп, қырнап, өткірлеп шаш алатын пышақ. 1929 жылы Қостанай облысындағы Батпаққара көтерілісшілері (қазіргі Амангелді ауданы) ауданды басып алып, коммунистердің шашын әдейі осы сүйек ұстарамен сыпырған.

Ұршық басы – ортан жіліктің жұмыр басын ортасынан тесіп жасалған кәдімгі ұршықтың басы ауылда әлі жиі кездеседі.

Насыбай шақша – шеберлер мүйізден, сүйектен жасап, оны әртүрлі металдармен әдіптеп, белгілі адамдарға сый етіп тартқан.

Шүмек – асықты жіліктің бір жағын кесіп асықты жағының бүйірін тесіп бесіктегі сәбиге шүмек жасайды.

  • 2015 жылғы 26 қарашасында апталық айдарымен мұғалімдер Б.М.Құсманова және С.Н.Сейсембеков бірігіп 1-8 сыныптар оқушыларын қатыстырып өзін-өзі тану пәнінен «Жүрек жылуы» атты тағылымды әңгіме-сабағын сыныптан тыс шара ретінде өткізді. Мейірімділікке толы осынау шарадан оқушылар мол тәлім-тәрбие алды.

 

Жұмбақтар жаһанында

/№02(160) санда берілген 11 жұмбақтың жауаптары: Өрт; Жел; Өзен; Өзен және қойтас; Мұз бен өзен; Толқын; Балық; Ұрық; Ағаштың шайыры; Қызылқат; Рауғаш және балдырған /

***

Жансыз пәле көп маңда,

Жаның шығар шаққанда

***

Қара сандық ашылды,

Жасыл жібек шашылды.

***

Қалың қамал ішінде

Қалың киіз үстінде.

***

Қара теңбіл сауыры,

Шала теңбіл бауыры.

***

Жоқ баяғы пішіні,

Жамау-жамау ішігі.

***

Жер қазады пысық ұл,

Екі көзі қысық ұл.

***

Дүлдүл атыма міне алмадым,

Дойыр қамшыны іле алмадым.

***

Ай астында ақ боз,

Күн астында көгілдір.

***

Құйрығы бір жылт етті,

Құла құлын жылп етті.

***

Тапал бала тал кеседі.

***

Аяғымен тоқылды,

Тұмсығымен қаланды.

***

Бөгеті жоқ жолында,

Болат қару қолында.

***

Айлалыға алдырмас,

Жүген құрық салдырмас.

Барлығы: 13 жұмбақ

(жауаптарды төмендегі электронды мекенжайға жолдаңыздар немесе мұғалім Бегімхан Керімханұлының қолына жеке параққа жазып беріңіздер. Дұрыс шешуді көп бергендер естелік сыйлықпен марапатталады. Асығыңыздар! )

Әдістемелік бірлестік апталығында

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕРЕЙЛЕНДІ

Жақында Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде қоғамдық-гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің апталығы өткізілді. Осынау кешенді іс-шаралар қатарында қазақ тілінің мәртебесі де, қадірі де, құдіреті де мейілінше мерейленді. Оың үстіне өткізілген барлық шара Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналды.

Аптаның бірінші күнінде сыныптан тыс шара ретінде қазақ тілінде білім алып жүрген 5,6,7-сыныптар оқушылары арасында «Жұлдызды сәт» атты ойыны оқу ордасының мультимедиялық дәрісханасында ұйымдастырылды. Ойынға 5-сыныптан Серікпай Айдана, Ахмедиев Азат, Тұрсын Тимур, Мурсалимов Сағыныш, 6-сыныптан Ағыбай Өміржан, Омаров Мерхат, Ерсайын Нұрмұхамбет, 7-сыныптан Джумашева Гүлзира қатысты. Жеті кезеңнен тұрған ойынға қатысқан оқушылар өзара қазақ тілін қаншалықты білетінін анықтауда барын салды. Ақыл-білім жағынан не бел, не белбеу кеткенше қызу тартысқа түскен қатысушылар қолма-қол сұрақтар жауап берді, әліпбидегі әріптер мен зат-құбылыстарға шешуге арналған жұмбақтарды шешті, мақал-мәтелдің жасырын тұрған сөзін тапты, «Қазақстан» деген сөзден ғана сөздер жасады. Нәтижесінде, Өміржан жеңімпаз атанса, Айдана екінші орынды иеленді, ал Азат үшінші орынды қанағат тұтты.

Аптаның сәтті күні саналатын сәрсенбіде орыс тілінде оқып жүрген 5,7,8-сыныптар оқушыларының қатысуымен «Қазақ тілінің білгірі» сайысы жүзеге асырылды. Мемлекеттік тілді білу тартысына аталмыш сыныптардан құрамаланған «Ақылды қыздар» (8-сынып оқушылары: Смакотина светлана, Тиссен Галина, 7-сынып оқушысы Тиссен ольга) һәм «Ұшқұр ұлдар» (8-сынып оқушылары: Шәріп Нұрғиса, Жунусов Эльдар, 5-сынып оқушысы Аркенов Роллан) топтары атсалысты. Жеті кезең барысында топтар топты таныстыру, сайысқа түсудегі мақсатты, «Менің елім – Қазақстан» тақырыбына шағын әңгіме жазуды, тізбектелген сұрақтарға қысқа да нұсқа жауап беруді, берілген мәтін үзіндісін екінші тілге аударып, мазмұнын айтуды, салт-дәстүрлерге байланысты сұрақ-сауалдарға толық жауап беруді, семантикалық картаны толтыруды, ұсынылған мақалдағы жасырын сөзді тауып, оны жалғастыруды ортаға салды. Өзіндік тартысқа толы сайыста «Ұшқыр ұлдар» тобы «Ақылды қыздар» тобынан ұпай жағынан озып, жеңімпаз атанды. Өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді бір мәрте аспандатты.

Аптаның қасиетті күні жұмада қазақ тілінде оқитын 10-11 сыныптар оқушылары арасында қазақ тілін пысықтауға арналған «Брейн-ринг» зияткерлік додасы өткізілді. Оған 10-сынып оқушыларының «Талапкер» тобы (Аубакирова Айгерім, Ерсайынова Гүлнұр, Оспан Айзада) һәм 11-сынып оқушыларының «Түлектер» тобы (Шаймұрат Айбарыс, Оспанов Райымбек, Уапов Арлан) өзара таным-білімнің жан алысып, жан беріскен тартысына түсті. Қазақ тілінің «Лексика», «Фонетика», «Сөзжасам», «Морфология», «Синтаксис», «Пунктуация» салаларын пысықтауға арналған сұрақ-тапсырмалар тізбектелді. Қойылған сұрақ-тапсырмаға жауап дайындау үшін уақыт шектетілді. Алты ұпайға дейінгі додада осы оқу жылының соңында 50-түлек атанатын 11-сынып оза шауып, іздерін басып келе жатқан 10-сынып қыздарын жеңіп кетті. Осынау сыныптан тыс шара мемлекеттік тіл – қазақ тілін мәртебелетумен қатар ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтың дәстүрден тыс амал-әдісі ретінде де өзінше құндыланды. Қазақ тілін мерейлендіру мақсатымен апталық кезінде сабақтар арасындағы үзілістерде «Бағдаршам» интербелсенді қарым-қатынас технологиясы жүзеге асты. Мұғалім тарапынан қойылған сұрақтар тоқтатылған оқушылар бірден жауап беріп, дұрыс жауап қайтарғаны үшін тәтті сыйлықпен марапатталды. Сонымен бірге қазақ тілін пысықтауға арналған семантикалық карталардан посттар мектеп дәлізінде орналастырылды.

Осынау шараларды пән мұғалімі Б.Ибраһим іздене ұйымдастырды, шебер өткізді.

Мектептік сапжиында шараларға қатысқандар мадақтамамен, сыйлықпен еленді.            

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

ҚГБ пәндер ӘБ жетекшісі

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

  

 

 

 

 

Шекарасыз «Қазақ тілі»

/№02(160) санда берілген тапсырмалар жауаптары: Пітір, зекет, тасаттық, әулие, таспиқ, т.б.; Тарихи сөздерге; Сауыт; Тап-таза; Олақ, құрғақ, ез; Ит өлген жер; Тарт; Мектеп; Терімші; Балет; Ғаламшар, Жер серіктері; Көзі; ... көзімен атырды; Адамның басы, таудың басы, ағаштың басы, таяқтың басы, істің басы т.б.; «Қоянды қамыс өлтіреді, батырды намыс өлтіреді»; Мейірімсіз, қатыгез, қайырымсыз; Суық қолды, құлағы ауыр естиді, пейілі кедей; Сурет, маңдай, қабырға, жастық; Көз; Жа – ашық буын, пы – ашық буын, рақ – бітеу буын; Жапан түз, бойкүйездік, қайыр қош; Соңғы буынға сөз екпіні түсіп тұр, таңғалу, сүйсінуді білдіреді; Өкпе, кеңірдек, тамақ, мұрын; 12 дауысты дыбыс бар; Үшке: қатаң, ұяң, үнді; Тауға. Ой екпіні тірек сөзге түседі/

  1. Сөйлемнен тасымалданбайтын сөздерді табыңыз: Абай – қазақ халқының және бүкіл адамзаттың ұлы.
  2. Мына сөзге фонетикалық талдау жасаңыз: Тілек.
  3. Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойыңыз: Б...г...н мұғал...м бі...ге с...рет...ер ...кел...п к...рсе...ті.
  4. Таңертеңгі сөзін тасымалдаңыз.
  5. Еріншектік, надандық сөздерін буынға бөліп, түрлерін ажыратыңыздар.
  6. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды атаңыз.
  7. -хана жұрнағын қандай сөздерге жалғауға болады?
  8. Мына сөздерге қосымша жалғап жазыңыз: Тарих, заряд, ансамбль.
  9. Өсімдігі деген сөзде дыбыс үндестігінің қай ықпалы байқалады?
  10. Оған «Ақбозат пен Көкбозат» ертегісі куә. Сөйлемнен дауыссыз дыбыстардың ұндестігін көрсететін сөздерді тауып, айтылуы мен жазылуын салыстырыңыз.
  11. Ол әл-Фарабиді сынамақ болды. Осы сөйлемнен ашық дауыстыларды теріп жазыңыз.
  12. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?
  13. Көп нүктенің орнына жұп дауыссыздардың тиістісін жазыңыз.

с-з: ба...тыр, сү...істі.

қ-ғ: қа...ты, ...арыш.

  1. Мына сөздерден қос сөз жасап жазыңыз: Құрбы, ойын, қай, жан.
  2. Мына түбір сөздерді туынды сөздерге айналдырыңыз: Ғарыш, зейнет, қатына, қалам.
  3. Мына түбір сөзге әртүрлі жұрнақтар жалғап, бірнеше туынды түбір жасаңыз: Баян.
  4. Сөйлемнен туынды сөздерді табыңыз: «Күздеу» дегеніміз – күзгі қоныс.
  5. Мына сөздерден біріккен сөздер жасаңыз: ақ, құм, сары, ұл, бике, болсын, үш.
  6. Еңбек, ер сөздерінен әртүрлі жолмен туынды сөздер жасап жазыңыз.
  7. Берілген сөздерден күрделі сөздер тауып жазыңыз: Жілік, көк.
  8. Құс атауларына туынды сөздер тауып жазыңыз.
  9. Жоқ сөзінен қосарлану, сөз тіркесі жолымен туынды сөздер жасаңыз.
  10. Мына сөздерден қос сөз жасап жазыңыз: -дәрмек, -жығы, -жіп, -жора.

(жауаптарды төмендегі электронды мекенжайға жолдаңыздар немесе мұғалім Бегімхан Керімханұлының қолына жеке параққа жазып беріңіздер. Дұрыс шешуді көп бергендер естелік сыйлықпен марапатталады. Асығыңыздар! )

Ойлана ойнайық

/№02(160) санда берілгендердің жауаптары: 4. Оз, ой, оқ, ол, он, оң, ор, от; 5. Өз, өк, өс, өң, өр, өт, өш, өп; 6. Ұқ, ұл, ұн, ұр, ұт, ұш/

ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАН БАСТАЛАТЫН СӨЗДЕР

  1. «Ү» дыбысынан басталатын толық мағыналы сөздер:

а) адамның баспанасы ...

ә) дауыстың синонимі ...

б) итке тән сөз ...

в) ұнта сөзінің синонимі ...

г) сан есім ...

ғ) жұл сөзінің синонимі ...

8. «Ы» дыбысынан басталатын толық мағыналы  сөздер:

а) желден пана жер ...

ә) түтіннен тоқылған тор ...

б) үнсіз ишара ...

9. «І» дыбысынан басталатын толық мағыналы сөздер:

а) киімді қыстыр ...

ә) жорғалауықтың үйі ...

б) қызмет сөзінің синонимі ...

в) тамақ ал ...

г) артында қалатын белгі ...

10. «И» дыбысынан басталатын толық мағыналы сөздер:

а) адамның досы ...

ә) сезім мүшесіне әсер ететін зат ...

(жауаптарды төмендегі электронды мекенжайға жолдаңыздар немесе мұғалім Бегімхан Керімханұлының қолына жеке параққа жазып беріңіздер. Дұрыс шешуді көп бергендер естелік сыйлықпен марапатталады. Асығыңыздар! )

 

Ұлы Дала елінің қазынасы

ҚАЗАҚТЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП, ЖӨН-ЖОСЫҚТАРЫ

  • Құрдас адамдар қалжыңдасып, әзілдесіп отырады. Мұны ерсі санауға болмайды. Құрдастық қалжың басқа халықтар дәстүрінде жоқ, тек қазақтарда ғана бар.
  • Кәрі кісілерге жұмсақ, дәмді тағамдар даярлап апарып сыйлайды. Мұны «бел көтерер» деп атайды.
  • Қыз алған жақ қыздың анасына «сүт ақы», әкесіне «жігіт-түйе» деген тарту жасайды. Ол қымбат киім, кілем, ат т.б. болуы шарт.
  • Халықта «астың аласы жаман» деген сөз бар. Дастарқан үстіндегі адамдарға тамақты бірдей бөледі.
  • Жас босанған әйел итке «кет» десе, оның тісі түсіп қалады деген халық жорамалы бар.
  • Аққуды атпайды. Ол өте киелі құс, киесі соғады.
  • Ауыл жанындағы суда жүрген құсты атуға, үркітуге болмайды.
  • Балапан шығарған құсты атпайды.
  • Құс ұясын бұзбайды, құмырсқаның илеуін баспайды.
  • Ел су алып отырған жерге шомылмайды.
  • Су алатын жерге дәретке отырмайды, кір жумайды, күл төкпейді.
  • Далада, жолда тұрған жалғыз ағашты кеспейді. (ол қыста белгі, жазда пана ретінде сақталған).
  • Өліара кезінде жұмыс бастамайды, көшпейді, той жасамайды.

Газет редакторы: Ибраһим Бегімхан Керімханұлы

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (05/12/2015)
Просмотров: 9575 | Комментарии: 543 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 981 2 3 ... 9 10 »
98 wallyJog  
0
i am so satisfacted. greetings wally

97 wallyJog  
0
i am so satisfacted. greetings wally

96 wallyJog  
0
i am so satisfacted. greetings wally

95 VirgilOxida  
0
If you would like to get http://easyway.kiev.ua/user/Brendanot/ - visa support Russia by our web site, do it now.
A tourist letter for Russian Privite visa is the easiest type of Russian http://xn--e1afbgaflgecd4a8b1g.xn--p1ai/user/Brendafus/ - visa support to Russia to get. It is a single entry http://psvhome.ru/user/BrendaLaw/ - visa support Russia valid for the specified duration of your stay in Russia, up to 30 days. Visa support documents for Tourist Visas (Tourist Confirmation and Tourist Voucher) are accepted by most Russian Consular Departments as faxed or scanned copies. However, for some nationalities and some departments the original invitation is required. You should specify the info in the nearest Russian Consulate or Embassy.

94 Doraiceni  
0
hi!

93 GregoryStevy  
0
This particular lace wig appears quite https://wigsforwomenblack.us/ - Human Hair Wigs realistic and is constructed from stylish lace material getting the authentic look. Not simply this offers a natural figure but it also deliver a modern turn to https://especiallyyourswigs.us/ - Especially Yours Wigs the face. The hair in this wig usually appears as if it is growing out of the scalp and equally distributed. Some http://wigsraquelwelch.com/ - Wigs companies now are trying to make their lace top man your hair wigs inexpensive to ensure that women who absolutely need it could manage to buy it.

When these wigs are use the proper way, it might truly provide a normal physical appearance. That is why it will probably be important for costumers to know the many styles https://bobbibosswigs.me/ - Bobbi Boss Wigs since wigs are fixed on the organic hairline and it will also adhesive straight into the suggestion of your your hair.

Lace front human being hair wigs http://wigslace.us/ - Wigs are generally applied in a manner that permits you to design hair naturally. A top top quality top lace wig is crafted from individual locks, either hand-made or manufacturer http://wigsshort.us/ - Human Hair Wigs made. But lace wigs constructed from manufacturing facility would be the mostly bought by customers. It is actually https://wigsforwomenblack.us/ - Wigs For Women costly and it has high quality. No person would possibly feel sorry about dropping their funds for doing it.

92 BillieApoks  
0
Goodwin Marketing Corporation Arlington, VA 22207 Through extensive research online, I have come to learn about Goodwin Marketing Business, its recommendations, economical performance, and future development leads. I've concluded my Bachelor's degree in business government, having a main in marketing, from University of Md (UMD). I've also successfully finished A6-month internship system with Rockwell Marketresearch, Inc., wherein I obtained contact with market research along with advertising and manufacturer management for active and fresh product portfolios. Enclosed is my detailed application. I'll give you a contact a few weeks to confirm the exact same. Yours Sincerely, Encl: Continue What finally concerns will be the material of one's notification. This is actually the simple rule for letter-writing.
http://www.hsledu.com/5-things-i-have-to-share-with-undergraduates.html
http://allenage.com/internet/promote-your-youtube-boost-seo/
http://financeclap.com/2017/01/23/how-to-provide-brilliant-customer-service-without-lifting-a-finger/

91 Williamjon  
0
Hier bekommen Sie ein Amazon Affiliate Projekt mti dem Sie schnell Geld verdienen
Das Wordpress Amazon Affiliate Script ist für schnelles arbeiten konzeptiert, binnen weniger Minuten erstellen Sie ganze Affiliate Shops

1. Einfache Einrichtung
2. Geld verdienen mit Amazon
3. Danke Wordpress System jederzeit erweiterbar


Das beste ist das dieses System komplett automatisch läuft.
Sie richten es einmal ein und Sie verdienen für immer Geld mit Amazon.

Überzeugen Sie sich selbt von unserem


>> http://wp-affiliatetheme.com - Wordpress Affiliate Shop


Wir freuen uns auf dich!

90 Michaelmap  
0
There are many various types of wigs in the marketplace. Girls put on wigs for most diverse causes of example, to pay hair loss in a few http://wigsforblackwomenhuman.us/ - Wigs For Black Women
locations to complete hair thinning on account of health conditions. Selecting the best one could be frustrating at this sort of times. One more reason most women use wigs is usually to attain hairdos which are out of the question to do with http://cheapwigs.net/ - Wigs
their own your hair.

the lace front wig is one kind of wig. This wig has individual hairs which can be palm stitched in to a lace materials that happen to be located only in front section of the wig. Manually sewing the hairs http://cheapwigs.net/ - Wigs For Black Women
to the lace front side it allows the impact the hair are expanding straight from the head. When you have the wig secured into position, the lace substance is trimmed off of at the hair line with out http://halohair-extensions.com/ - Human Hair Extensions
slicing some of the knots. The lace can then be stuck into place and according to what kind of adhesive is commonly used, can last from time to several weeks. Following gluing the lace downward, makeup products can be applied to disguise the lace. You won't be capable of establish where the wig series commences http://cheapwigs.net/ - Cheap Wigs
which way you will have a natural hunting hairpiece. Here is the extremely good reason that it will be the best form of wig you will discover.

89 Michaelmap  
0
There are many various wigs available. Women wear wigs for several distinct factors behind instance, to pay for baldness in a few http://cheapwigs.net/ - Wigs
locations to overall hair loss due to medical ailments. Deciding on the best you can be overpowering at this kind of instances. Another reason most women put on wigs is always to attain hair styles which can be impossible concerning http://hairextensionstapein.net/ - Hair Extensions
their own hair.

the lace top wig is one type of wig. This wig has personal hairs which can be hand stitched in a lace substance which can be identified only at the front section of the wig. Manually sewing the hairs http://hairextensionstapein.net/ - Hair Extensions
into the lace top it gives the impact how the hair are expanding from the head. Once you have the wig secured into position, the lace materials is cut away from in the hairline with out http://hairextensionstapein.net/ - Hair Extensions
decreasing any one of the knots. The lace can then be stuck into position and dependant upon what kind of sticky is commonly used, may last from times to days. After gluing the lace downward, makeup products does apply to hide the lace. You won't be able to recognize in which the wig line begins http://wigsforwomencheap.com/ - Wigs
which way you will have a all-natural hunting hairpiece. This is the extremely good reason that it is the finest form of wig you can get.

1-10 11-20 21-30 ... 81-90 91-98
Имя *:
Email *:
Код *: