Кел, балалар, оқылық!
Газет 2002 жылғы 1 наурыздан шыға бастады ************************************************************************************Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің қабырға газеті, shakhibbeker.ucoz.kz ibbeker@rambler.ru #10(168) ******************************************************************************** Нұрсұлтан Назарбаев. Еркін елдің ертеңі ӨТКЕНГЕ ҚАРАП, ЕРТЕҢІНДІ ТҮЗЕ!
Нән Наурыз нақыштары НАУРЫЗ КЕЛДІ ЕН ДЕ ДАРХАН ДАЛАҒА Наурыз келді ен де дархан далаға, Алақайла үлкен-жас һәм бала-шаға. Суық қыстың, аяз-боранның беті қайтты, Түрленер жанды-жансыз көктем шыға.
Қарасақ, қар еруде, суға айналып, Көңілді бұлақ жарысуда, арна салып. Жыл құстары әнге басты көк аспанда, Қайтып келді біздің жақты бетке алып.
Менмұндалап көріне бастады Жер ажары, Жылы леппен аймалайды жел самалы. Бүршік жаруға әсте әзір тал һәм терек, Әлсіз қыстың құтыруы енді шамалы.
Ұлыс күні – Наурыз-мейрам мерекесі, Аққа жақ бұқараның берекесі. Бірін-бірі шын жүректен құттықтауда, Бірлікпенен беки түссін ел іргесі.
Наурыз келді ен де дархан далаға, Көктем жетті адыр-белес, сай-салаға. Төрт түлік мал жайылымға енді шығар, Сең қозғалар, үйіп мұзды кемер-жағаға.
Қыдыр ата сый етер бақ пен бақыт, Жер-ана жамылар жасыл барқыт. Үр жаңа жыл баршаға игілік берсін, Өмір-жалған жайнай түссін бейне жақұт.
Наурыз-көже – жеті тағам үйлесімі, Бек нығайсын тату ұлттар келісімі. Наурыз келді ен де дархан далаға, Жақсы жағынан шарықтасын адам есімі. Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
Жұмбақтар жаһанында /№09(167) санда берілген 34 жұмбақтың жауаптары: Қақпан; Ұршық; Соқамен жер жырту; Қайшы; Ет мылжалайтын машина; Термос; Пеш; Самаурын; Иіс сабын; Айна; Бұршақ; Қауын, қарбыз; Бақшадағы қарақшы; Трактор; Поездың вагоны; Ұшақ; Жер серігі;Сүңгуір қайық; Велосипед; Күнтізбе; Сүзгі; Аспан; Жұлдыздар; Жұлдыздар және аспан; Айдың шуағы; Күн; Жаңбыр; Өзен; Су; Мұз; Тамшы; Жер; Жаз бен қыс /
ҰБТ: озық тәжірибе, ортақ әдіс «ШЫНЫМЕН НЕ ҚАЛАЙСЫЗ ЖӘНЕ ҚАЗІР СОҒАН ҚАТЫСТЫ НЕ ІСТЕП ЖАТЫРСЫЗ?» Өміріңіз бен сезімдеріңізді бақылауыңызға ала аласыз, сабақ оқуға да оп-оңай кірісе аласыз. Бұны іске асыру үшін, «үшінші тіл» ойлап табуыңыз керек. Үшінші тіл сізді өзіңізге лайықты өмір сүргізетіндей тіл болу керек, сізге бұйырмау керек, сізді қорқытпау керек. Мақсаттарыңызды белгілеп, бар ынтыңызбен сабақ оқуға мықтап кірістіңіз. Алайда атқаратын істерңізді санаңызға сіңдіре алмасаңыз, алға қойған мақсатыңыз және оны жүзеге асыратын күш-жігеріңіз ештеңеге жарамайды. Мысалы, математика пәнін сүймейті және бұл пәнді оқымайтын бір оқушының өзінің үшінші тілін қалай қолданатынын зерттеп көрейік. Математика Болымды ой: «ҰБТ-ға керекті пән әрі мені мақсатыма жеткізеді». Болымсыз ой: «Мен үшін ең қиын сабақ. Үйренуім өте қиын». Үшінші тіл: «Математикаға уақытымды көбірек бөлемін. Түсіне алатын тақырыптарды анықтаймын да, көбіне сол тақырыптарға дайындаламын. Математика пәнінде менің де үйрене алатын тақырыптар бар шығар». Нәтиже: Математика сабағында үйрене алатын тақырыптарға дайындалу және ынтаның артуы. 3) Уақытыңызды дұрыс пайдаланыңыз: Көп адамның шағымданғаны секілді, уақыт «өте тез» емес, әдеттегідей «тұрақты жылдамдықпен» өтуде. Табысты және табыссыз адамдарға тепе-тең түрде берілген бір нәрсе бар: ол – уақыт. Барлығына берілген бір күн 24 сағаттан, аптасы 7 күннен, айы 30 күннен тұрады. Табысты кісілер – өз уақытын өзі таңдаған мақсаттар үшін жоспарлы және жүйелі түрде қолдана білгендер. 4) Сабақ оқу жүйеңізді қайтадан қарап шығыңыз: Адамның сабаққа дұрыс дайындалуына кедергі келтіретін тұзақтар:
Ә) Ортаның сабақ оқуға қолайсыздығы Бұл бөлімде сабақ оқуды жоспарлау арқылы жақсы нәтиже алу үшін сабақ оқитын жерді қалай ретке келтіру керектігі жайлы айтылады. Сабақ оқу үшін орындыққа отырған оқушының ойын бөлетін нәрселер не сырттан келеді, не өзінің ойынан туындайды. Соған байланысты сабақ оқитын жердің белгігі бір тәртіпте болуы үйренуді жеңілдетеді. Барлық адамдар үшін қолайлы жұмыс істеу үлгісін көрсету мүмкін болмаса да, сабаққа дайындалатын орынға қатысты ынтаны әжептәуір арттыратын кейбір қағидаларды айтуға болады. Жұмыс бөлмесі және жұмыс үстелі ©Егер мүмкін болса, сабақ оқуға арнайы бір бөлме жабдықтау керек; ©Сабақ оқитын орында, ең кемінде, үстінде жазу жазатын үстел және оның жанында дайындық кезінде керек болатын кітап, дәптер, қалам т.с.с. заттар салынатын сөре болу керек; ©Жұмыс үстелі терезенің алдында тұрмау керек, себебі жазда ыстық, қыстыгүні суық мазаңызды алады; ©Бөлмеңізге ілінген сурет, портрет, афиша т.с.с нәрселер ойыңызды бөліп қана қоймай, сабаққа деген ынтаңызды да азайтады; ©Сабақ оқыған адамның алдына көлеңке түспеу үшін жұмыс үстелін жарықтың түсуіне қарай орналастыру керек; ©Жұмыс бөлмесінің ауасын терезені немесе есікті ашу арқылы жиі-жиі тазартып отыру керек. Орындық ©Кейбір кісілердің сабақ оқығанда қолданатын арнайы жайлы бұйымдары болады, дегенмен орындық пен креслоның тым жайлы болмағаны жөн; ©Отыратын орындығыңыз сабақ оқуыңызға кедергі келтіретіндей, мазаңызды алатындай болмау керек. Тыныштық ©Сабақ оқитын орын тыныш болу керек. Сабақ оқығанда жиі кездесетін әдет – музыка тыңдап отыру. Бұл жерде, әрине, «Мен музыка тыңдап отырып, сабақты жақсы оқимын» деп ойлауыңыз мүмкін. Алайда жүргізілген зерттеулер мынаны көрсетіп отыр: адамның миы бір сәтте бірнеше мәліметті алса да, тек біреуін ғана қабылдай алады. Жұмыс үстелі ©Жұмыс үстелін тек қана сабақ оқу үшін қолдануға тырысыңыз. Егер сол үстелдің үстінде компьютер ойынын ойнасаңыз, тамақ ішсеңіз, ұйықтасаңыз, яғни сабақтан тыс әрекеттер жасасаңыз, онда уақыт өте келе, сабақ оқып отырып, сол істерді қалай жасағаныңызды өзіңіз де байқамай қаласыз, сондықтан жұмыс үстелін тек сабақ үшін қолдануыңыз керек, оған көзіңіз түскен сайын, «сабақ оқу керек» деген ой туу керек. Теледидар немесе компьютер ©Музыка тыңдау жайыл айтқандарымыз теледидар мен компьютерге де қатысты. «Бір жақтан сабақ оқиын, екінші жақтан теледидар қарап отырайын» деген сөз дер бос әңгіме. Бір уақытта екі іс істеу екі кеменің басын ұстағанмен бірдей. Ондай адам құрдымға батады; ©Теледидарды қосқанға дейін немесе теледидар тұрған бөлмеге кіргенге дейін өзіңізді бақылай аласыз, одан кейін өзіңізді бақыламақ түгіл, теледидарға байланып қалғаныңызды өзіңіз де білмей қаласыз; ©Күнделікті ісіңізді бітірмей тұрып, теледидарға жақындамаңыз; ©Сабақ оқу кезінде үзіліс жасағаныңызда, сол аз уақытты миды тынықтыруға арнаңыз, бірақ қалайда «10 минут теледидар қарай тұрайыншы» демеңіз, өйткені бұл әрекетіңіз 10 минутпен шектеліп қалмайды. Телефон ©Сабақ оқуғ кіріспес бұрын, телефоныңызды бақылауға алыңыз; ©Телефонды бақылауға алу үшін, өзіңізге қатал талаптар қойыңыз. Белгілі бір уақыттарда ешкіммен сөйлеспеңіз, тіпті телефон соққан кісілерді ескертіңіз. Бұған өкпелеп қалады деп ойламаңыз, біршама уақыттан кейін өздері де бұған үйреніп кетеді және сабақ оқитын уақытыңызда сізге телефон соқпайтын болады. Жантайып жатып сабақ оқу ©Оқушылар көбіне жазу немесе есеп шығару секілді жұмыстарын үстелде отырып орындайды да, қалған жұмыстарын диванға (төсекке) жатып алып орындайды. Алайда бұлай сабақ оқудың бір-ақ нәтижесі бар: ол – ұйқы; ©Ұйқыны бақылайтын бөлім мида орналасқан. Мидағы ұйықтау орталығы бұлшық еттерден келген мәліметке қарап, денеге «ұйықта» деген бұйрық береді. Бұлшық еттер босаңсығанда, мидың осы бөліміне «ұйқыға дайындал» деген мәлімет жібереді. Соның нәтижесінде көбіне ұйықтап тынады; ©Жатып оқудың ең қатерлі нәтижесі – сабақ оқи бастасымен ұйқының келуіне ағзаның үйреніп қалуы. Б) Ағзаның қажеттіліктері Ағзаның қажеттіліктері – адамның ең негізгі қажеттіліктері. Адам ағзасы өмір сүру үшін, өзіне қажетті нәрселерді қамтамасыз ету керек. Сабақты дұрыстап оқимын десеңіз, алдымен ағзаңыздың қажеттіліктерін орнына келтіріңіз. Мысалы, аш қарынға сабақ оқу жеткілікті нәтиже бермейді, өйткені ми оқылып жатқан тақырыпты емес, сол кездегі өзін мазалаған жағдаймен шұғылданып жатады. Бұл жағдайда ойыңыз қайта-қайта бөлініп, сабақты дұрыстап оқи алмайсыз. Аш қарынға сабақ оқу қалай қиын болса, астан кейін де бірден сабақ оқуға кіріспеңіз. Астан кейін дене ауырлайды, себебі қан құрамындағы оттегінің көп бөлігі мидың жұмысына емес, асқазандағы асты қорытуға бағытталады. Сағыз шайнаған кезде де осылай болады. Бұл – мидың жұмысын бәсеңдетеді. Сабақ оқу барысында (көп) су ішіңіз.
Шекарасыз «Қазақ тілі» /№09(167) санда берілген тапсырмалар жауаптары: Жібу, тоқу, суу, іру, тасу, қасу – түбірлердегі у дыбысы сақталады; Іриді, кейиді, байиды, суиды, құриды, шіриді – мұнда ый, ій әріптерінің орнына бір ғана и әрпі жазылады; Тақия, айуанат, хайуан, хайуанат, кейуана, миуа, диуана, қиуа; қаһарман, қаһарлы, уһ, аһлады, уһледі, гауһар, еһе; Ащы, тұщы, кеще; Қара гөлеңке, көг орамал, ағлақ, басигеді, келсигеді, барыппекен, баралмаймын, алат, қыргүйек;Аттас жерлерді ажырату үшін алдарынан қолданылған анықтауыштарды бас әріптен бастап, бөлек жазылады. Орталық Азия, Кіші Азия, Орта Азия; Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздері зат есімдермен тіркескенде, бөлек жазылады (еш адам, әр үй т.б.), есімдік, үстеу сөздермен тіркескенде, бірге жазылады (ешқайда, әлдекім, бірталай т.б.); Күрделі сан есімдер, күрделі сын есімдер, күрделі етістіктер, фразеологизмдер бөлек жазылады. Мысалы: елу екі жарым, ақ сұр, жүгіре жөнелді, таяқ жеу т.б.; Ғылымның әр алуан саласында терминдік мәнге ие болған екі түбірден құралған атаулар бірге жазылады; Бірге жазылады. Мысалы: бірқазан, құрбақа,есекмия, қосаяқ т.б.; Бірге жазылады: дүниежүзілік, бүкілхалықтық, қиыршығыстық, ортаазиялық; Буын үндестігіне сай /
Ойлана ойнайық /№09(167) санда берілгендердің жауаптары: 1а. кел, кез, кек, кем, кен, кең, кер, кет, кеш; 2ө. көз, көк, көл, көш, көн. Көп, көң, көр, көс; 3ү. күз, күл, күн, күң, күс, күт, күш, күй; 4і. кім, кір, кіл/ БІТЕУ БУЫНДЫ СӨЗДЕР 1/а «Қ» дыбысынан басталатын бітеу буынды сөздер: а) тізбектеле ұшатын құс ...; ә) тақырға жиналатын су ...; б) денеде кездесетін қара дақ ...; в) денедегі қызыл сұйық ...; г) астық салатын ыдыс ...; ғ) қара жердің көрпесі ...; д) бір планетадағы екі ай ...; 2/о а) бармайтын жері жоқ мал ...; ә) адамның екі малайы ...; б) түйенің ең майлы жері ...; в) «түне» сөзінің синонимі ...; г) семіргенде айтылатын сөз ...; ғ) байлықтың жиылатын жері ...; д) егіншінің шошаласы ...; е) көңілдің жайлауы ...; 3/ұ а) шыңның ұшар басы ...; ә) басыбайлылық ...; б) жердің негізгі құнары ...; в) өлімге төленетін ақы ...; г) «мақұл» сөзінің баламасы ...; ғ) «бос» сөзінің баламасы ...; д) қанаттылар ...; е) жұғымды байлық ...; 4/ы а) жылдың бір мезгілі ...; ә) пышақтың қабы ...; б) жазықтың биіктеуі ... в) төрт мезгілдің төресі ...; г) күйген кірпіш ...
Тағылымды тарих ЕЛ-ЖҰРТ ЖАДЫНДАҒЫ ЗАҢ БАПТАРЫНАН
Газет редакторы: Ибраһим Бегімхан Керімханұлы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Просмотров: 1112 | |
Всего комментариев: 0 | |