Кел, балалар, оқылық!
Газет 2002 жылғы 1 наурыздан шыға бастады ************************************************************************************Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің қабырға газеті, shakhibbeker.ucoz.kz ibbeker@rambler.ru #08(166) ******************************************************************************** Нұрсұлтан Назарбаев. Еркін елдің ертеңі ЖЕР ТАҒДЫРЫ – ЕЛ ТАҒДЫРЫ
ҰБТ: озық тәжірибе, ортақ әдіс ДҰРЫС БІЛІМ АЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? Әлбетте, «үйрену» дегеніміз – қимыл-әрекетімізде, ұстанымымызда һәм түйсігімізде пайда болатын үздіксіз өзгерістер. Адамның үйрену деңгейі мен үйрену жылдамдығы түрлі себептерге байланысты өзгеріп отырады. Айталық, білім алу кезінде қолданылған тәсілдер оқушының үйренуін жеңілдетеді немесе қиындатады, сондықтан сабаққа дайындалу тәсілі мен дағдысы нәтижеге жетуде маңызды рөл атқарады. Бірдей шарттарда бола тұра, сабаққа дұрыс дайындалатын оқушылар басқараларға қарағанда көбірек жетістікке жетіп жатады. Пайдалы әрі тиімді білім алу дағдыларын кез келген оқушы бойына сіңіре алады, осылайша үйрену деңгейін көтере алады. Асылында, сапалы білім алып, жетістікке жету – білім алудың тиімді жолдарын табуға және жоспармен жұмыс істеу дағдысын жетілдіруге тікелей байланысты. Жеке тұлғаның үйрену тәсілі, іздену дағдысы, ұстанымы және білім алатын ортасы да оның сапалы білім алуына оң ықпалын тигізеді. Дайындық барысында осыларға ерекше назар аударған жөн. Сәтсіздіктің себебі көп, әсіресе, білім алу тәсілін дұрыс таңдамаудың ықпалы орасан зор, сондықтан ең алдымен білім алу тәсілдері мен дағдыларын нақтылап алған жөн. Білім алу тәсілдері нәтижені арттыруға бағытталу керек, тұрақты болу керек және мәлімет беретіндей болу керек. Осындай білім алудың тиімді тәсілдері арқылы бүкіл ынта-ықыласты сабаққа беріп, теріс әдеттерден (егер бар болса) арылу керек. Әркім өзінің ойлау қабілетіне қолайлы білім алу тәсілдерін белгілеп алған соң, оқитын сабақтарын жоспарлау керек әрі сол жоспар бойынша білім аламын деп алдына мақсат қоя білу керек. Әрбір адамның басқалардан өзгеше жағы болады. Оның жасы, жынысы, ұлты, мәдениеті, сенімі, білімі, сезімі – бәрінің өзіндік орны бар, өйткені әркімде жетілдіруді қажет ететін жекелеген қабілеттер болады. Тиімді білім алу тәсілдері арқылы, міне, осы қабілеттерді жарыққа шығарып, оларды жетілдірудің жолын қарастыру керек. КӨП ОҚУ ДҰРЫС БІЛІМ АЛУҒА ЖАТА МА? Кейбір оқушылар сабақ оқуға көп уақытын бөлсе де, ойлаған мақсатына жете алмағанын айтып, шағымданып жатады. Оқушы сабақ оқуға кететін уақыттың ұзақтығы мен тынығатын уақыттың ұзақтығын дұрыс реттемегендіктен, ойлау қабілеті шаршайды да, оқуға деген құлшынысы азаяды, сабаққа ынтасы жоғалады. Осыған байланысты мынаны ұмытпай керек: кітап пен дәптердің алдында ұзақ уақыт өткізу сабақ оқуға жатпайды. Көп оқуды емес, тиімді дайындала білуді мақсат ету керек. Уақытты барынша тиімді қолдану деп пайдалы және қолайлы білім алу тәсілін айтады. БІЛІМ АЛУ НЕГЕ ҚИЫН?
Осынау тізбектелген сөздер – ҰБТ-ға дайындалған көптеген оқушының шағымдары. Сынаққа дайындалған оқушылар сабақты қалай оқу керектігін емес, көбіне осындай проблемаларды ойлап басын қатырады. Оқушылар көбіне «сабақ оқуға кірісе алмау» проблемасын бастан кешеді. Бұдан шығатын жол, негізінде, оқушының өзі. «Оқи алмаймын, қолымнан келмейді» деп қаша беру проблеманы шешпейді, керісіңше, проблеманы одан сайын көбейтіп жібереді. Жалпы, ҰБТ-ға дайындаталын оқушының екі проблемасы бар:
Ал бұл жағдайға душар болудың басты себебі – ынтаның аздығы. «Ынталану» деген ұғымға «ой-санамен және дене-бітіммен мақсат етілген межеге жұмылу» деген анықтама беруге болады. Бұл көлік жүргізуге ұқсайды: қайда баратыныңызды көлікке отырмай тұрып, жүргізбей жатып, алдын-ала білуіңіз керек. Ынта-ықылас – оймен және қимылмен жетістікке жетудің әрі табысқа кенелудің кілті. Жалпы алғанда, үлгерімі төмен оқушының ынтасы да аз болады, дегенмен үйрену үшін, әркім өз еркімен сабақ оқуға кететін уақытқа бағынуға, білім алуға жетелейтін қағидаларға мойынсұну керек. Ынталы оқушы мен ынтасыз оқушының әрекеттері бір-біріне ұқсамайды. Ынталы оқушыда мынадай белгілерді байқауға болады:
Дайындық барысында жоғарыдағы әрекеттерді жүзеге асыра алатын оқушыны нағыз ынталы оқушы деуге болады. Мақсат қойсаңыз да, ынтамен іске кіріссеңіз де, атқаратын ісіңізді беріліп істей алмасаңыз, мақсатыңыз да, ынтаңыз да ештеңеге жарамай қалады.
Жұмбақтар жаһанында /№07(165) санда берілген 13 жұмбақтың жауаптары: Алақан; Қыз ұзату; Бақсы; Сырға; Балдақ; Құлақшын; От, жалын; Аяқкиім; Ұлтан; Түтін; Белбеу; Терезе; Шалбар /
Барлығы: 42 жұмбақ (жауаптарды төмендегі электронды мекенжайға жолдаңыздар немесе мұғалім Бегімхан Керімханұлының қолына жеке параққа жазып беріңіздер. Дұрыс шешуді көп бергендер естелік сыйлықпен марапатталады. Асығыңыздар! ) ҰБТ: озық тәжірибе, ортақ әдіс ЫНТАНЫ АРТТЫРУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Сондай-ақ:
Жұмысыңызды жолға қою үшін, алдыңызға мақсат қойыңыз. Белгілеген межеңіз сізді еңбектенуге жетелейді. Алға қойған мақсатыңыз сізді ынталандырады. ЫНТАНЫ ЖОЯТЫН ФАКТОРЛАР НЕГІЗІНЕН МЫНАЛАР: А) психологиялық жағдай; Ә) ортаның сабақ оқуға қолайсыздығы; Б) ағзаның қажеттіліктері. А) Психологиялық жағдайды реттеу Ойды бөлетін екі түрлі психологиялық жағдай бар:
Қиялдау – дайындыққа кіріскен оқушының жұмысына кедергі келтіретін әрі жиі кездесетін жағдай. «Бәрі менен көп дайындалады»; «Оқитын тақырып көп, бірақ уақыт қалмады, бітті, тынды...» Мұндай ойлар миыңызды қатырып, құлшынысыңызға кедергі келтіреді. Өзіңізді іштей мазалаған осындай ойлардан кейін өзіңізге мына сауалдарды қойып көріңіз:
Жауабы біреу-ақ: жоқ. Олай болса, осындай ойлармен бас қатыра берген дұрыс па, әлде сабақ оқыған дұрыс па? Сіз жетістікке жету үшін белгілі бір жүйемен іске кіріссеңіз, міндетті түрде уақыты келгенде табысқа жетесіз. АЛДЫМЕН АЛҒА МАҚСАТ ҚОЙЫҢЫЗ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫНА ҚАРАЙ ЖҰМЫСТАРЫҢЫЗДЫҢ РЕТІН БЕЛГІЛЕҢІЗ Өзіңіз мынадай проблемаларға кездестіңіз бе?
Сабақ оқу керек бола тұра, беріліп кірісе алмай жүрген оқушылардың көпшілік бөлігі – осы уақытқа дейін алдына нақты мақсат қоя алмағандар. Егер сіз де осындай жағдайда болсаңыз, онда тез арада алдыңызға нақты бір мақсат қойыңыз немесе мақсатңызды нақтылап алңыз. Мақсат қоярда, мына сұрақтардың жауабын ескеріңіз...
Мақсатты белгілеу үшін мына тәсілді қолдануға болады: Әуелі, үш түрлі тізім дайындаңыз. Бірінші тізімдегілерді орындау үшін 10 жылдан кейінгі өміріңізді ескеріңіз. Көзді жұмып, жайланып отырып, 1-2 минут ойланыңыз.
Қиялдау күшіңізді жұмылдырып, жоғарыдағы сұрақтар мен өмірдегі ойларыңызды бір-бірімен ұштастырыңыз. Қай істерді ұзақ мерзімді мақсат деп қабылдайсыз, соларды белгілеңіз.
Екінші тізім үшін тағы да арқаңызға жастанып, жайланып отырыңыз және «Бір жылдан кейін нелерді істеу керекпін?» деген сұраққа жауап іздеңіз, соларды тізбектеп жазыңыз. Үшінші тізімге «бір ай ішінде нелер істеу керектігін» белгілеңіз. Ең соңында үш тізімдегі істерді маңыздылығына қарай тізім жазыңыз. Мысалға бір оқушының 1 жылдық және 1 айлық мақсаттарының төмендегідей болатынын ойлап көрелік. Өмірдегі мақсаттар тізімі:
Шекарасыз «Қазақ тілі» /№07(165) санда берілген тапсырмалар жауаптары: Барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғаулары арқылы жүзеге асады; Қиыса байланысқан; Орын тәртібі арқылы байланысқан; Бұйрықты сөйлем. Қарқынды сазбен, қатты үнмен айтылғандықтан, сөйлемдердің соңына леп белгісі қойылады; Баяндауыш; Мұқан үйге біресе кіреді, біресе шығады. Кезектес құрмалас сөйлем; Мұғалім оларға оқулықты әдейі әкелгенін айтты; Мезгіл кешкіріп кетті, сондықтан амалсыз қонуға тура келді; Пунктуация; Пунктуация графикалық таңбалар жиынтығы дегенді, тыныс белгілерін дұрыс қою жөніндегі ережелер дегенді және тыныс белгілері дегенді білдіреді; Даралаушы тыныс белгілерге сөйлем соңына қойылатын нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі, көп нүкте жатады; Ерекшелеуші тыныс белгілерге үтір, қос нүкте, сызықша, жақша, тырнақша жатады; Леп белгісінің қойылу себебі: алғыс мәнінде айтылған лепті сөйлем; Тү-у, көңілі көкке көтеріліп, жан сарайының ашылып қоя бергенін қарашы!; Үтір бірыңғай мүшелердің арасына, қаратпа, қыстырма, оңашаланған айқындауыш сөздер мен құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің аражігіне қойылады; Егер салаластағы жай сөйлемдер және шылауымен байланысса, олардың арасына ешбір тыныс белгі қойылмайды; Қарсылықты салалас құрмаласта жалғаулық шылаулар қатыспағанда үтір мен сызықша қойылады/
(жауаптарды төмендегі электронды мекенжайға жолдаңыздар немесе мұғалім Бегімхан Керімханұлының қолына жеке параққа жазып беріңіздер. Дұрыс шешуді көп бергендер естелік сыйлықпен марапатталады. Асығыңыздар! ) Ойлана ойнайық /№07(165) санда берілгендердің жауаптары: 1а. жан,жаз, жай, жақ, жал, жап, жар, жас, жат, жау; 2е. жер, жез, жел, жем, жең; 3о. жол, жоқ, жой, жон; 4ө. жөн; 5ұ. жұт, жұрт, жұп; 6ү. жүк, жүр, жүн, жүз; 7ы. жыр, жық, жыл, жын, жың, жым; 8і. жік, жіп/ БІТЕУ БУЫНДЫ СӨЗДЕР 1/а. «З» дыбысынан басталатын бітеу буынды сөздер: а) қонақ қабылдайтын кең бөлме ... ә) жалпыға ортақ ереже ... б) қайғы, қасірет ... в) табиғаттағы барлық жанды-жансыз нәрселер... 2/е а) әшекей, сән бұйымдары ... 3/ә а) ағзада зат алмасудан пайда болған қажетсіз сұйық зат ... 4/о а) «ірі» сөзінің синонимі ... (жауаптарды төмендегі электронды мекенжайға жолдаңыздар немесе мұғалім Бегімхан Керімханұлының қолына жеке параққа жазып беріңіздер. Дұрыс шешуді көп бергендер естелік сыйлықпен марапатталады. Асығыңыздар! ) Тіл – күретамыр ҚАЗАҚТЫҢ ЖАҒЫМДЫ БЕЙНЕДЕГІ СӨЗДЕРІ Ақжарқын (жылы жүзді, көпшіл, жайдары, әзілқой) – мінезі ашық. Айбарлы (айбатты, қаһарлы, сұсты, бетті, өткір) – батыр бейнелі. Әз (Әз Тәуке, Әз жәнібек) – халыққа айырықша қызмет еткен, зор еңбек сіңіргендерге берілетін құрметті атау, атақ, дәреже. Әділ (тура би, шыншыл) – әр істің шындығын айтатын, қолдайтын адам. Батыр (батыл, жаужүрек, жүрек жұтқан, ер, ержүрек, жүректі, қаһарман, хас батыр) – ел қорғаны, ел сүйеніші. Білімді (оқыған, оқымысты, ғылым, білімпаз, зиялы) – көп оқыған және оны ел қажетіне жұмсаушы. Біртуар – сирек туатын қайраткер. Бауырмал – әр адамды жақсы көруші. Балажан – баланы жақсы көруші. Бай (дәулетті, ауқатты, малды! – әл-ауқатты, қаржысы, дүние-мүлкі мол. Беделді – ел алдында сөзі өтетін, жақсы адам. Белді – халық бетке ұстайтын, беделді азамат. Дарынды (талантты, қабілетті) – сирек өнер иесі. Дана (данышпан, ойшыл, біртуар, кемеңгер, ғұлама, ұлы, алып, көреген) – өте сирек туатын ұлы тұлға. Дарқан (мырза, рақымды, кеңпейіл, қайырымды) – қолда барын ортаға салған, өте жақсы, қол қайыры мол. Инабатты (ибалы, көргенді, ұятты, сыпайы, мәдениетті, үлгілі, иманжүзді, кішіпейіл, ұлғатты) – өзін-өзі ұстай білетін, сыйлы. Ел ағасы (ел басы, ел бегі) – халық, ел арасында беделі зор. Ер – ел намысын қорғаушы, тар жерде жол табатын батыл, ержүрек. Еңбексүйгіш (еңбекқор, еңбекшіл, бейнетқор) – еңбекті жақсы көруші, еңбекпен өскен. Епті (ыңғайлы, бейім, икемді) – әр істің жөнін білетін, шебер. Зиялы (ойлы, білімді, зерделі, оқыған, парасатты, әдепті, көргенді, үлгілі, саналы, өнегелі, тәрбиелі, қасиетті) – өнерін, білімін халыққа арнаған. Жомарт (мырза, қолы ашық) – дәулетін, қаржысын, малын халықтан аямайтын. Жайдары (ашық жүзді, жылы шырайлы) – мінезі ашық. Жақсы (жайсаң, өнегелі, тәуір, сыйлы, саналы, абыройлы) – елі, халқы құрметтейтін кісі. Мәрт (бірсөзді, текті, асыл, намысқой, қасиетті) – адалдық жолдан таймайтын, сөзінде тұратын, артық. Мейірімді (мейірбан, қайырымды, ақжүрек) – адамға жақсылық жасайтын, қамқоршы. Кербез (сырбаз) – бой-басын күтіп ұстайтын, сәнқой. Көргенді (қасиетті, ұятты, үлгілі, инабатты, ұлағатты) – оқыған-тоқығаны мол. Газет редакторы: Ибраһим Бегімхан Керімханұлы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Просмотров: 842 | |
Всего комментариев: 0 | |