Кел, балалар, оқылық!
Газет 2002 жылғы 1 наурыздан шыға бастады ************************************************************************************Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің қабырға газеті, shakhibbeker.ucoz.kz ibbeker@rambler.ru #04(162) ********************************************************************************
Мына ресурстардан газетіміздің 2002 жылдың наурызынан шыққан сандарын қараңыздар: shakhibbeker.ucoz.kz my.mail.ru/bk/rr_74_i/photo/1181 http://ok.ru/group/42743243210863/album/53727412748399 vk.com/album141841736_223206190 www.facebook.com/shakhibbeker/media_set?set=a.766805293426234.1073741832.100002903110571&type=3 Білгенге – маржан СҮЙЕК, МҮЙІЗДЕН ЖАСАЛАТЫН ЗАТТАР Қазақ шеберлері мен зергерлері сүйек пен мүйізді жеке бұйымдар мен заттардан басқа сәндік, әшекей, ою-өрнек жүргізуге де ұтымды қолдана білген. Мысалы, домбыра, қобыз, тағы басқа саз аспаптарына, ер-тоқым, сандық, қобдиша, кебеже, кереует, асадал, адалбақан, дыс-аяқтарды әшекейлеген. Қылыш, сапы, пышақ, бәкі, біз сияқты құралдарға сап, қын жасады. Мүйіздерден моншақ, түйме, ілгек, қапсырма, құрысқақ, сырға, тұмарша сияқты тағымдар мен әсемдік бұйымдар шығарып, олар көздің жауын алған. Сүйек пен мүйізге ағаш, жез, мыс, темір, алтын, күміс, асыл тастарды қосып, бағалы бұйымдар құнын арттыра түскен. Етікшілер сиыр сирағының сіңірін ұзына бойы кесіп алып, әбден кептіріп, оы қатты соғу арқылы жұмсартып, тарамдап, ширатып, есіп «тарамыс» деп аталатын өте берік жіп жасайды. Онымен аяқ киімдер, ат әбзелдерін тағы басқа тері бұйымдарын тігеді. Піл сүйегін қазақтар дандан деп атаған. Сирек кездессе де шеберлер оны да қолдана білген. Одан алмас қылыштар мен сапыларға сап, тарақтар жасаған. Піл тісінен ойылған тана, алқа, үкіаяқ, шекеліктерді мұражайлардан әлі кездестіруге болады. Киіз үй туырлығын, түндігін ағарту һәм су өтпес үшін және берік болуы үшін күйдірген сүйек ұнтағымен борлаған. Халық шеберлері тұрмыс қажетіне құстың сүйегі, қанаты, қауырсын, жүндерін де кең қолданған. Сәндік үшін үкі қауырсынын жәе үлпілдегін қыздар мен келіншектердің бас киімдеріне қадайды. Ал, хұснихатшылар, қаламгерлер, шәкірттер, молдалар құс қауырсынын қалам ретінде пайдаланған. Қаз, тырна, бүркіт қанаттарын сыпырғыш орнына қолданып, оны «қанат сыпырғыш» деп атаған. Үкі, бүркіт сияқты құстардың тұяғын, жыланның кепкен бас сүйегін де әсемдік үшін кәдеге жарата білген. Он саусағынан өнер тамған халық шеберлері сүйектер мен мүйіздерді кәдеге жаратудың үрлі тәсілдерін де таба білген. Оны қайнату, балқыту, жібіту, қыздыру, жону, қашау, егеу, күйдіру арқылы іске асырған. Бұған семіз әрі жас малдың (көбінесе жылқының) сүйектерін алған. Шеберлер әдеттегідей зергерлік құралдарды пайдаланады. Ал, сүйек пен мүйізді арнайы өңдейтін құрал «қысқы» деп аталады. Сүйек пен мүйіз, құс қауырсындары қазақтың әдет-ғұрып, ырымдары мен салт-дәстүрлерінен де кең орын алған. Мұны дәлелдейтін мысалдар да көп. Бала асырап алғанда оның оң қолына асық жілік ұстатады һәм оны сандыққа салып сақтап қояды. Балаға пәле-жала, жын-шайтан, тышқан, құрт-құмырсқа келмесін деп бүркіттің, үкінің тұяқтарын бесіктің ьас жағына, арқалығына тағып қояды. Әр үй немесе жалғыз жолаушы жолына қырық кәрі жілік сақтайды. Ол халық ырымында қырық жігіт болып көрініп, қауіп-қатерден қорғайды деген ұғым бар. Мал сүйегін отқа жақпайды. Мал басы кемиді деп түйенің, жылқының басын тойға немесе соғымға сойғанда бас сүйегін бөлмейді. Асық етін мүжімейді және «алты жыл аш болсаң да асық етін мүжіме» деп мақалдайды. Тобықтың етін тастамайды. «Тоғыз жыл тоқ болсаң да тобық етін тастама» деген қағида бар. Қойдың, ешкінің бас сүйегін тісін қақпай асып, оны қатты құртты езуге қолданады. Кеуде ауруымен ауырғандарды әр ауылдардағы соғымның қырық сирағын жинап әкеліп қайнатып, соның майын ішкізіп емдейді. Жамбас сүйекке тіс тигізбейді. Тұрмысқа шықпай қалады деп қызға кәрі жілік ұстатпайды. Баланың мойны қисық болады деп шілдеханаға сойылған малдың мойын омыртқаларының ішіне түзу шыбық өткізіп кептіреді. Қойдың жауырын сүйегін күйдіріп, бақсы-балгерлер бал ашқан, болашақты болжаған. Ойын-сауықтарда да жастар мал мүйегін көп қолданған. «Ақсүйек» ойнағанда жауырынды, «Кімді жақсы көресің?» ойынында ашақайды, «тобық тығу» ойынында тобықты пайдаланған. Ал асық ойыны – барлық қазақ балаларының ғасырдан ғасырға әлі күнге дейін жалғасып келе жатқан ең сүйікті ойынының базары десе де болдаы. Сиырдың топайын (асығын) дала ойындарына ған қолданған. Ежелгі – Тұрансың, бүгінгі – Қырансың! АЙНАЛАЙЫН, ҰЛЫ ДАЛА – ҚАЗАҚ ЕЛІ
Алты Алаш айбатынан жаралған, Алауынан Желтоқсанның қуат алған. Айналайын, Ұлы Дала – Қазақ елі, Аждаһаның аранынан босанған.
Отарлау һәм езгіге де шыдаған, Қайран қазақ жас емес, қан жылаған. Айналайын, Ұлы Дала – Қазақ елі, Қырандайын бүгін еркін парлаған.
Қазақ халі шектелді де байланды, Хандық құлап, ояз-болыс сайланды. Айналайын, Ұлы Дала – Қазақ елі, Бодандықта аман қалған нең қалды?!
Қасиетті дінге қыспақ жасалды, Дарқан дала жыртылды да оталды. Айналайын, Ұлы Дала – Қазақ елі, Осы таңда өркендеуге бет алды.
Қазақ тілі мәртебеден айырылды, Діл қанаты омақаса қайырылды. Айналайын, Ұлы Дала – Қазақ елі, Тіл де, діл де пырақтауға күш алды.
Атаулары қазақтың ұмытылды, Арыстары Алаштың опат болды. Айналайын, Ұлы Дала – Қазақ елі, Әманда біз тілейміз ақ жолды.
Еркіндікте шарықтасын Қыранымыз! Жасай берсін «Алаш!» атты ұранымыз! Айналайын, Ұлы Дала – Қазақ елі, Қазақстан – ежелгі Тұранымыз! Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
Жұмбақтар жаһанында /№03(161) санда берілген 13 жұмбақтың жауаптары: Қалақай; Көктем; Аю; Сілеусін; Түлеп жүрген түлкі; Қабан; Марал және жылан; Ақ тышқан; Саршұнақ; Қоян; Құстың ұясы; Тоқылдақ; Сауысқан / *** Қырда қызыл көзді құрбылар ойнайды. *** Тұла бойы түкті, Шырынға әбден күпті. *** Жалпақ тастың астынан Жұмыр белбеу табылды. *** Басы табақтай, Қарны қабақтай. Аузы аңғардай, Бұты албардай. *** Алты аяғы бар, Бірде-бір тұяғы жоқ. Ашамай мүйізі бар – Ал өгіз сияғы жоқ. *** Қара орманда қара қазан қайнайды. *** Ол зарласа – сенесің, Ол қорласа – көнесің. Егер оны өлтірсең, Өз қанынды төгесің. *** Өзін сауғызбайды, Өзі өзгені сауады. *** Жазда кеппейді, Қыста қатпайды. *** Қожыр-қожыр қырғыш, Қырғыш емес: бір күш. *** Төсек астында төрт құрт. *** Хан ұлында қалта жоқ. Барлығы: 12 жұмбақ (жауаптарды төмендегі электронды мекенжайға жолдаңыздар немесе мұғалім Бегімхан Керімханұлының қолына жеке параққа жазып беріңіздер. Дұрыс шешуді көп бергендер естелік сыйлықпен марапатталады. Асығыңыздар! ) Ұлы Дала елінің қазынасы ҚАЗАҚТЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП, ЖӨН-ЖОСЫҚТАРЫ
әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Лебяжі ауданы, Павлодар облысы Ежелгі – Тұрансың, бүгінгі – Қырансың! БЕЙБІТШІЛІК ӘЛЕМІНДЕ Бейбітшілік бесігінде тербеледі даламыз, Биік-биік үйлерімен аспандауда қаламыз. Өркендей бер Тәуелсіздік тұғырында Қазақстан, Бір өзіңді мақтан тұтар ұланы біз боламыз.
Бәйтерегі биіктеген Астананың төрінде, Алатауға бауыр болған Алматының өзінде. Елжандылық қасиеті киелі ғой әрқашан, Алтын күнді аялаған Қыран-Бүркіт көзінде.
Бес жүз елу жыл толып отыр Қазақ хандық құрғалы, Керей менен Жәнібек хандар оның басында тұрғалы. Үш ғасырда шарықтады, аспандады биіктей, Ел басынан өтті күндер төкпелі де аумалы.
Қасым ханның қасқа жолы жетеледі қазақты, Есім ханның ескі жолы көрсетпеді азапты. Хақназар, Тәуекел, Жәңгір танытпады осалдық, Тәуке ханның «Жеті жарғысы» болашаққа жол тартты.
Ұлы Жеңіс, міне, биыл жетпіс жасқа толуда, Ардагерлер жан-жүрегі ерекше бір толқуда. Қас дұшпанға бой бермеді болашақтың қамы үшін, Құрметтеуде жеңімпазды тәрбиелі ұл-қыз да.
Қан майданда етігімен су кешті ғой сарбаздар, Елден жырақ, үйден алыс суық пенен қамбазда. Еуропаны фашистерден бір адамдай тазартты, Алаулаған Жеңіс туын желбіретті Рейхстагта.
Талай ұлтты туысындай бауырына басқан ел, Халықтардың ынтымағы маңызымен зор, кемел. Асқаралы Ассамблея жиырма жасқа толды биыл, Достығымыз, бірлігіміз жасай берсін талай жыл.
Қуғын-сүргін көрген ұлттар сая тапқан бұл мекен, Қазақстанның жүрегінде құдайшылдық бар екен. Жер де берді, үй де берді жапа шеккен ұлттарға, Жерұйықтай жанға жайлы Қазақ елі – әнмекен.
Жиырма жасқа басты құжат – Ата Заң да толады, Конституцияны құрметтеуге үлкен себеп болады. Азаматтық тұғырымызды тұрақтатсын әрдайым, Қадірлеуге Ата Заңды, жас ұландар, біз дайын.
Алтын Күннің шуағымен дами берсін еліміз, Қыран-Бүркіт қырағылығымен аман болсын жеріміз. Егемендік, Тәуелсіздік қос пырақтай самғатсын, Қазақ елі, Қазақстаным биіктерге жол тартсын. Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Шекарасыз «Қазақ тілі» /№03(161) санда берілген тапсырмалар жауаптары: Абай, ұлы; Тілек – 3 дауыссыз дыбыс, 2 дауысты дыбыс. Т – қатаң, і – жіңішке, қысаң, езулік, л – үнді, е – жіңішке, ашық, езулік, к – қатаң; Бүгін мұғалім бізге суреттер әкеліп көрсетті; Та-ңер-тең-гі; Е- ашық буын, рін – бітеу буын, шек – бітеу буын, тік – бітеу буын, на – ашық буын, дан – бітеу буын, дық – бітеу буын; -тер, - кер, -пен, -қой, -кеш, -тес, -нікі, - тай, -тау, -дар, -еке, -тар, -би, -бей; Дәріхана, асхана, емхана, аурухана, т.б.; Тарих-қа, заряд-қа, ансамбль-ден; Кейінді ықпал; Ақбозат – Ақпозат, Көкбозат – Көкпозат; -о, -ә, -а; Екіге: жуан, жіңішке; с – з: Бастыр, сүзісті --- қ – ғ: Қақты, ғарыш; -құрдас, -сауық, -қайдағы, -жақ; Ғарышкер, зейнеткер, қатынас, қаламдас; Баянда, баяндама, баяндамашы, баянды, баянсыз, баяндылық, баянсыздық, баяншы; Күздеу, күзгі, қоныс; Ақтөбе, Үштөбе, Қызылқұм, Сарықұм, Ұлтуған, Ұлбике, Ұлболсын т.б.; Еңбектен, еңбекақы, еңбеккер, еңбекқор, еңбексіз, ер адам, ер жету, ер жүрек, еркөкірек, еркөңілді, ер-азамат; Кәрі жілік, атан жілік, асық жілік, көк жүзі, көк ала т.б.; Қасқалдақ, сүңгуір, қызғыш, тауқұдірет, мысықторғай, қара торғай т.б.; Жоқ-жұқа, жоқ-жұтаң, жоқ-жітік, жоқтан өзге, жоқтан бар, жоққа тән; Дәрі-дәрмек, ығы-жығы, ине-жіп, жолдас-жора/
(жауаптарды төмендегі электронды мекенжайға жолдаңыздар немесе мұғалім Бегімхан Керімханұлының қолына жеке параққа жазып беріңіздер. Дұрыс шешуді көп бергендер естелік сыйлықпен марапатталады. Асығыңыздар! ) Көңілден шыққан көрікті ой ЖАҚСЫ СӨЗ – ЖАРЫМ ЫРЫС
Ойлана ойнайық /№03(161) санда берілгендердің жауаптары: 7. Үй, үн, үр, үк, үш, үз; 8. Ық, ыс, ым; 9. Іл, ін, іс, іш, із; 10. Ит/ БІТЕУ БУЫНДЫ СӨЗДЕР 1/а. «Б» дыбысынан басталатын бітеу буынды сөздер: а) ырыс сөзінің синонимі ... ә) заң ережесінің қатар саны ... б) қанаттылар жинаған тәтті ... в) жоқ сөзінің антонимі ... г) адамға қажет компьютер ... ғ) қойма сөзінің синонимі ... д) қатын сөзіне антоним ... 2/е а) адамның орталық мүшесі ... ә) адамның әлпеті ... б) еттен сылып лақтыратын ет ... в) елге қадірлі кісі ... г) ал сөзінің антонимі ... ғ) жоғары бал, сан есім ... 3/о а) тезден сөзінің синонимі ... ә) тақтаға жазатын қалам ... б) қуыс сөзінің синонимі ... в) адамнан сыртқа шығатын қалдық ... г) ақшылтым сөзінің синонимі ... ғ) заттың ұзындық өлщемі ... (жауаптарды төмендегі электронды мекенжайға жолдаңыздар немесе мұғалім Бегімхан Керімханұлының қолына жеке параққа жазып беріңіздер. Дұрыс шешуді көп бергендер естелік сыйлықпен марапатталады. Асығыңыздар! )
Газет редакторы: Ибраһим Бегімхан Керімханұлы | |
| |
Просмотров: 852 | |
Всего комментариев: 0 | |