Адалдық турасында
АДАЛДЫҚТЫ АРМАНДАЙМЫСЫЗ?
Жуырда канадалық ғалымдар қызық бiр ұйғарым жасады. «Бала тiлi
шығысымен өтiрiк айтуға неғұрлым бейiм келсе, болашақта соғұрлым табысты азамат болады» дейдi олар.Бұған көз жеткiзу үшiн алдымен 2 мен 16 жас аралығындағы 1200 бала бақылауға алынған. Түрлi психологиялық және басқа да сынақтар жүргiзе отырып ғалымдардың байқағаны – «өтiрiктi – имандай, шынды Құдай ұрғандай» етiп жеткiзуге балалардың бәрiнiң бiрдей «бейiмi» бола бермейтiнi анықталған. Ал «баланың екi жасында өтiрiк айта бiлу қабiлетiнiң ашылуы оның миының тез дамуының белгiсi болып табылады. Мұндай балалардан iсi оңынан басатын ересектер өседi» дейдi ғалымдар. Торонто университетiнiң докторы Кэнг Лидiң пiкiрiнше, ондай балалар келешекте көбiнесе банкир болуы мүмкiн…

Өтiрiк айтуға бейiмдiлiк – адамгершiлiк тұрғысынан қарағанда, әрине, адалдық қасиетiнiң қас дұшпаны. Керiсiнше, шыншылдық, турашылдық –өлмес рух пен арлылықтың, адалдықтың алғышарты. Кез келген халықтың моральдық қағидасы – осылай. «Өтiрiктiң балын жалап тiрi жүргенше, шындықтың уын iшiп өлген артық» дейдi бұл туралы Бауыржан Момышұлы. Александр Блок даналығы «қандай ауыр болса да – тек шындық қана жеңiл» екенiн алға тартады. Ал батыс ойшылы Генрих Ибсен болса, «Адал арың – ақ мамық жастығың» деп, адалдықтың адамға берер тыныштығын, жан рахатын, ләззәтiн айтып өткен…

Сонымен… заман өзгерiп, адами құндылықтар ауыса бастаған уақытта ғалымдар әлгiндей болжам жасады. Бұл не? «Өтiрiк айта бiлу де – өнер» деген сөз бе? Шыншылдық – белгiлi бiр уақыттың ғана талабына сай қасиет пе? Бүгiн ол адами құндылық болудан қалып бара ма? Ал адалдық ше?.. «Адал» деген сөздiң өзi девальвацияға айналып бара жатқан жоқ па?.. «Өтiрiк айта бiлетiндерi» ғана табысқа жетiп, байитын мына заманда, ойлап көрiңiзшi, адалдық туралы әңгiме қозғау есiауысқандықтың белгiсi саналып бара жатқан жоқ па?.. Солай бола тұрса да, сiз адалдықты армандайсыз ба? Адал адам болып өтудi мұрат етесiз бе? Балаларыңызға «адал бол» деп тәрбие бересiз бе?..

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (15/08/2010)
Просмотров: 1848 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: