Көкейде жүрген ой

Заманалық білімдену даңғылымен

ЖЕТІСТІГІ һәм КЕМШІЛІГІ БАР ТЕСТІЛЕУ ТУРАСЫНДА

Жасыратыны жоқ, еліміз өз алдына егемендікке қол жеткізгеннен бері білімденуде бір қыдыру өзгерістер болып жатыр. Кезінде ше мектеп бітіруші оқушы алдымен аттестатын алып, кейін жоғары оқу орнына (ЖОО) я арнаулы орта оқу орнына түсу үшін емтихан тапсыратын. Ал соңғы жылдары мектеп бітіру һәм ЖОО-на түсу емтихандары біріктіріліп, ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) тапсырылатын болып өзгертілді. Осыған байланысты ҰБТ тапсырудың оң жақтары мен кемшіліктерін талдау жасау арқылы таразының екі жағына салып көрелік.

Жалпы алғанда, тестілеудің мәні мынада:

[     сан жағынан салыстырмалық, статистикалық талдауға келетін стандартталған өлшем;

[     тексерілген оқу пәнін игеру дәрежесін анықтауға мүмкіндік беретін «стандартталған сынақ»;

[     баланың жеке психологиялық ерекшеліктерін әрі саны, әрі сапасы жағынан тексеруге мүмкіндік беретін стандартталған сынақтардан тұрады.

ҰБТ-ның жетіктіктері мыналар болар: мектеп бітірушілер ЖОО-на түсу үшін бір-ақ рет тест тапсырады; мемлекет тарапынан қаржы, уақыт және басқа ресурстар үнемделеді; шалғай ауданның балалары алысқа бармай ЖОО-на түсу үшін өз тұрған жерінде немесе жақын орналасқан аудан орталықтары мен қалаларда тестілеуден өтеді. Онымен қоймай, білім министрлігінің қызметкерлері жан-жақты сынаудан өткен тест мазмұнына жауап береді, тест тапсыру үрдісі өзгеріп, заң бұзушылыққа қарсы күрес күшейтілді. Сонымен бірге, тест өткеннен кейін талапкер тапсырған пәні бойынша төрт мамандықты таңдап, байқауға қатысып, грантқа түсуге жақсы мүмкіндік алады.

Ал кешіліктері қандай сипатта? Ақиқатында, тест тапсыру логиканы дамытпайды, тек сол пәннен мағлұмат қана алумен шектеп тастайды. Талапкер теорияны әлсіз түсінеді, фактілер арасында байланыс әлжуаз болады, оқытылуға тиісті пәндік жадығат механикалық жаттанды қабылданады.

ҰБТ бойынша оқушының алған нәтижесі аттестатқа түседі, әрі ЖОО-на түсу үшін байқауға қатысады. Терлеп-тепшіп жинаған ұпайы арқылы қалаған оқуына қабылданады. Сондықтан тапсырушы түлек қалай болғанда да тестіден жақсы өтуге барынша тырысады. Тест тапсыратын пәндерден ақылы дайындық курстарына қатысады я жеке мұғаліммен дайындық сүзгісінен еленеді. Талапкердің тестілеуді жақсы тапсыруын тек мектептің немесе пән мұғалімінің жетістігі деуге болмайды. Ата-ана баласының біліміне айтарлықтай көңіл аудармаса тест нәтижесі Ахмет Байтұрсыновтың тәржімасының сөзімен айтқанда «орнына кеп мәз болмайды». Демек, ойдағыдай шықпайды. Басым көпшілігі білім алу емес, ұпай жинаудың амалдарын іздейді.

Анығында, ҰБТ-ға емтихандарды біріктірудің бір кемшілігі – оқушы жауапкершілігі үлкен болып, психологиялық ауыртпашылық басым түседі.

ҰБТ тапсыру тестіге кірмеген, яғни таңдалмаған, басқа пәндердің мектепте оқылуына орны ойсырай толмас зиян келтіріп отырғаны ойдан шығарылмаған ақиқат. Мектептің білім беруі ҰБТ-ның нәтижесі бойынша бағаланатын болғандықтан, пән мұғалімдері де, мектеп әкімшілігі де, аудандық білім бөлімдері де оқушысына я оқушыларына тест тапсыратын пәндерді ғана жақсы білгізуге тырысады. Жасыратыны жоқ, бітіруші сыныптарда барлық жағдай тест тапсыратын пәндерге ғана жасалады. (Сонда мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартын орындауда нендей пәрмен қалмақ?!) Қосымша сағаттар да негізінен сол пәндерге ғана бөлінеді. Басқа пәндерге көңіл аударылмай, жетімсіреген күй кешеді. Мектеп бітірушілердің екінші жарты жылдықта таңдалмай қалған пәндерді оқу түгілі, сол сабақтарға тіпті қатысқылары да келмейтіні анық. Яғни, мектептерде оқушылар тест тапсырмайтын пәндерден стандартқа сай білім алып жатыр десек, ұятты түрде қателескен болар едік. «Алтын белгіге», ерекше үлгідегі аттестатқа үміткерлерді сабақтан босатып, білікті мұғалімдер дайындауға алатын жайлар да менмұндалайды.

Тест тапсырып, ЖОО-на түскен тест пәндерінен басқа болашақ мамандығына сондай қажетті пәндерді нашар біледі.

Басқасы басқа, ал ҰБТ тапсыру мектептерде кей пәннің сапалы оқылуына үлкен кедергі келтіруде.

Сайып келгенде, ҰБТ төңірегінде жетіп те тұрған, жетіспей де тұрған тұс-қалтарыстар әлі де жетерлік. Оны бір мезетте жүйеге келтіруге әбден боларлық. Тек сараптамалық талдаудан соң сапалы ойластырылған стратегиялық жүріс тетіктері бір қозғалысты жүйеге келтірілсе. Осыны ойластыралық.

жиған-терген

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (21/06/2009)
Просмотров: 1459 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: