Оқытудың тиімді жолдары

Жазылған жайдың жалғасы

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ЕРТЕДЕН ОҚЫТУДАН ЕШ ҰТЫЛМАСПЫЗ

Кезінде облыстық бірегей басылым «Сарыарқа самалы» газетінде ағылшын тілін ерте жастан оқыту тақырыбын төңіректеген отырыс хақында көлемді мақала жарық көрген-ді. Аталмыш отырысқа қатысқан белгілі педагогикалық қызметкерлердің пікірлері екіге қақ жарылды. Бірі ағылшын тілін ерте жастан оқытуға дәлелді мысалдарымен қарсы болса, енді біреулері нақты дәйектермен ағылшын тілін ерте жастан оқытуды жақтады.

Қарсылық білдірген жақтың басты ұстаным ретінде бала ағылшын тілін үйренемін деп жүріп, ана сүтімен бойына дарыған қазақ тілін мүлдем ұмытып қалады дегенді айтты. Бұл, әрине, дұрыс пікір.

Дегенмен, өз ойымды ортаға салуды жөн санадым. Қазіргі кезде ағылшын тілі қоғамда өз орнын ойып тұрып алып отыр. Ағылшын тілін жетік меңгеруді басқа емес, Елбасының өзі жүктеуде. Оны үйренуді кейінгіге ысыра бермей, ерте жастан бастауға әбден болады. Тек оқытуды баланың өсу ерекшелігіне қарай деңгейлету һәм сатылату қажет. Баланың мектепалды (4-6 жас) және бастауыш сыныптар кезіндегі оқығанын қабылдауы, естігенін ойына тоқуы динамикалық түрде қызмет жасайды. Осы кезде қабылданған білім-білік, икем-дағды өсе келе ұмытылмай, керісінше даму үстінде болады.

Ал ана тілін ұмыттырмау, өзге тілдің ықпалымен ығыстырмау алдымен ата-анасының, артынша тәрбиеші менен пән мұғалімнің жауапкершілігі болып табылады.

ИБРАҺИМ-ШАҺМАНТЕГІ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (31/05/2009)
Просмотров: 2090 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: