Білімдену жолында

Заманалық білімдену

МЕКТЕП МЕНЕДЖЕРІ

Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, Республикамызды әлемдік білім беру кеңістігіне шығуды қарастыратын мемлекеттің қазіргі саясатын іске асыру білімге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті, ол талаптардың мақсаты білімнің, дағдының және машықтың жай ғана жинағы емес, осыларға негізделген тұлғалық, әлеуметтік, кәсіби біліктілік, яғни ақпаратты өз бетімен табу және оны тиімді пайдалана алу, құбылмалы дүниеде үнемді және пайдалы өмір сүру, сонымен  қатар  жұмыс істеу болып табылады.

Басқарудың негізгі ғылымы ретінде менеджменттің теориялық жағдайы олардың көпшілігінің өндірістік, шаруашылық-экономикалық және іскерлік пен кәсіпкерлік саласының басқа да  ұйымдарын басқаруға арналатынын көрсетеді.

Білім – адам, қоғам және мемлекет мүддесінде тәрбие мен білім беру үрдісі ретінде отандық білім берудің қалыптасуында маңызды рөл атқарады.

Сол орайда менеджментті адамзат әрекетінің барлық саласында, соның ішінде педагогикалық ұжым мен жалпы білім беретін орынды басқаруда қолдануға болатынына көзіміз жетуде.

2005 жылдың 18 ақпанындағы «Қазақстан жылдамдатылған экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында» Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазіргі білім жүйесінсіз және кең, жан-жақты және жаңаша ойлайтын қазіргі менеджерлерсіз біз жаңа инновациялық экономиканы жасай алмаймыз», – деп атап көрсеткен болатын. Бұл ой Президенттің «Әлемдегі бәсекелестікке қабілетті 50 ел қатарына ену стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауынан да көрініс тапты. Төртінші басымдылықта Н. Ә. Назарбаев: «Білім реформасы – Қазақстанның бәсекелестікке шынайы қабілеттілігін қамтамасыз ететін құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңартулар талабына  сәйкес келетін қазіргі білім жүйесі қажет», – деген болатын.

Менеджмент ағылшын тілінен аударғанда (management – басқару, жетекшілік ету, меңгеру) жеке тұлға мен ұжымның дене және зияткерлік әлеуетін тиімді пайдалануға бағытталған адамдар әрекетін басқару қисыны мен тәжірибесінің бірлігін білдіреді.

Соңғы жылдары басқару ғылымы ретінде менеджмент білім беру мекемесі мақсаттарына жетудің тиімділігін неғұрлым арттыратын құралдар мен тәсілдерді қарастыруға және қолдануға тырысады. Бұл – нақты міндеттерді шешуге бағытталған педагогикалық ұжым әрекетін басқарудың жаңа жолдарының пайда болуы мен дамуына жағдай туғызды.

Менеджмент жүйесінде басқарудың үш жолы қарастырылады:

        басқаруға үрдіс ретінде қарау жолы;

        жүйелі жолы;

        жағдаяттық жолы.

Басқаруға әрекет ұйымның мақсаттарына жетуіне бағытталған үрдіс ретінде қарау жолы бір уақытта іске асатын әрекет ретінде емес, өзара байланысқан үздіксіз әрекеттердің тізбегі – басқару қызметі ретінде қарастырылады.

Басқару әрекеті ішінен ерекшеленетіндер: жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, еңбек қызығушылығы, жеке орындаушыларға қатысты әрекеттерін басқару және реттеу, әрекетті бақылау, қабылданған шешімді бағалау және дұрыстау.

Басқарудың жүйелі түрі басқарушының ұйымдастыруды адамдар, құрылым, айнымалы қоршаған орта мен жаңа талаптар жағдайында алдына қойған мақсаттарға жетуге бағытталған мақсаттар мен әдіс-амалдар сияқты өзара байланысты бөліктер жиынтығы ретінде қарастыруды қажет етеді.

Жағдаяттық басқару жолы басқарудың түрлі тәсілдерді нақты жағдай анықтайтынына негізделеді. Нақты бір жағдайда ең тиімді тәсіл дәл сол жағдайға сәйкес қолданылатын тәсіл болып табылады. Аталған тәсіл өте тиімді, өйткені тәжірибеде қалыптасқан жағдайға және алға қойған мақсатқа жетудегі ерекшеліктерге байланысты басқару ғылыми тәсілдерді пайдалану бойынша нақты нұсқаулар беріледі.

Басқару ғылымы ретінде  қазіргі менеджменттің ерекшелігі өмір сүруге және тәжірибеде қолдануға болатын тұжырымдамалар һәм жолдардың әр түрлі екендігін жоғарыда сипатталған тәсілдер көрсетеді.

Қазіргі жағдайда адамдар әрекетін басқару үрдісі жұмыс тәжірибесіне тікелей қатысты шынайы жағдайларда ғылымды (басқару саласында ұйымдастыру білімі негіздерін) қолдануды негізге алатын өнер деген пікір қалыптасқан.

            Қазіргі мектеп – бүгінгі күн шындығымен бетпе-бет келген мектеп: балалар бүгінгі күн қандай болса, сол қалпында қабылдайды, олардың бүгінгі мақсаттары, құндылықтары мен қызығушылығы, жұмысқа өте қабілетті және өмір мен жұмыс жағдайларының өзгермелілігіне қарамастан бейімделуге қабілетті мұғалімдермен жұмыс істейді. Мектептің табысты дамуы мектеп басшысының не істеу керектігін, алға қойылған мақсатқа жету үшін қандай күш пен тәсілдерді қалай меңгергеніне тікелей байланысты.

Бұл жерде, әрине, жағдайды сараптаудағы жетекшінің өзі қалыптастырған әдістер мен тәсілдерді жүйелі қолдану, кез келген істе табысты қамтамасыз ету үшін адамдарды іске бастайтын шешім қабылдаудағы тәжірибесі көрінеді.

Басқарушының іс-әрекетінен көрінетін істі орындаушыларға олардың әрекеті барысында мақсатты әсер ететін басқарудың ерекшеліктерінің жиынтығы басқару стилі деп аталатыны аян.

Мектептің басқару әрекет стилі өз әрекетін, оның нәтижелерін сыни тұрғыдан өзі бағалай алатын және ұжымды сенімді қарым-қатынасқа бағыттайтын демократиялық стиль болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы білім дамуының қазіргі кезеңі білім мекемесі әрекеті саласындағы адам ресурстарын басқару жүйесінің органикалық элементі ретіндегі мұғалімнің кәсіби өсуін ұйымдастырудың қисындық үлгісін жасауға көшуіне мүмкіндік береді.

Білім жүйесінде басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін мақсат, міндеттер мен білім беру мекемесінің барлық деңгейлеріндегі басқару әрекетінің мазмұнын анықтап алу қажет. Мектепті жаңарту жағдайында бақылау қызметін өзгерту қажет. Жаңа жағдайда бақылау тексеру мен оның қорытындысы бойынша шара қолданумен шектелмеуі тиіс. Ол көбіне аралық және соңғы қорытынды нәтижелері бойынша сарап жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мектепті басқарудағы табыс басқару құрылымын дұрыс таңдауға байланысты.

Басқару ­­­­­­– субъектілердің өзара байланысы. Басқару құрылымында саналы және жоспарлы басқаруды ескеретін жүйелі жол байқалады.

Жүйелі жолмен мектепті басқаруда табысқа жету мынаған байланысты:

1.             Мектеп жұмысын жоспарлау, мақсаттарды дұрыс қою, оларды маңыздылығына қарай дұрыс ретімен таңдау;

2.             Мамандарды бөлу, міндеттерді бөлу, бөліктер арасындағы байланысты орнату және ол байланысты жұмыс істету.

3.             Мектепішілік ақпараттар жүйесін және оның тиімді кері байланысын орнату.

4.             Оқу-тәрбие үрдісінің қалыпты жүруі үшін материалдық-техникалық базаны құру.

5.             Ұжымдағы қажетті моральдық климаттың болуы.

6.             Мектеп басшылығы мен мұғалімдердің біліктілігі мен тәжірибесі және олардың педагогтік шеберлігін арттыру жүйесіне байланысты.

Басқару ­­­­­­– субъектілердің мығым байланысы. Өзара байланыстың мәні тікелей және кері әрекеттің үздіксіздігінен, бір-біріне әсер ететін субъектілердің органикалық байланысының өзгеруінен тұрады. Сонымен қатар, өзара байланыс – өз ішінен бөлінетін біртұтас, өздігінен дамитын жүйе. Басқарудың мәні болатын өзара байланысты бұлайша қабылдау басқарушы мен басқарылатындардың өзара өзгеруін туғызуы мүмкін, өзара байланыс жасайтын субъектілердің өзгеруін және соның күйінің ауысуы ретіндегі  сол үрдістің өзін қарастыруды қажет етеді.

Педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, құрылтайшылар кеңесі, мектеп кеңесі, жетекші жасаған және іске асыратын  мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылардың мектепішілік басқару құрылымына енетін басқа органдары мен бірлестік түрлерінің белгілі қызметтері бар, олар бір-бірін толықтырады және басқару жүйесін жеткілікті дәрежеде толықтырады.

Мектеп басшысы лауазымдық міндеттерді нақты бөледі және олардың іске асуын қатаң бақылауды қамтамасыз етеді.

Мектептегі педагогтік ұжымның құрамы қалыпты. Мұғалімдер мен ата-аналар мақсаттарын жетік түсінетін, бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде сол мақсаттарға жетуді бірлесе қамтамасыз ететін пікірлестер ұжымын құрады.

Мамандармен жұмыста мұғалімдер біліктілігін жетілдіруге баса назар аударылады. Баланың дами алатын тұлға ретінде қалыптасуын дами алатын педагогтік ұжым ғана іске асыра алады.

Басшы жұмысының бір бағыты – білім беру мекемесіне міндетті түрде қажет сыртқы іскерлік байланыстар,  облыстық, аудандық ОБ, ПМБАИ, медициналық мекемелер, МАИ, бұқаралық ақпарат құралдары.

Оқушылар мен олардың ата-аналарын білу, олардың әрқайсысына құрмет көрсету, педагогтік және оқушылар ұжымында және игілікті микроклиматта ата-аналармен қатар жұмыс істей отырып, мектеп дәстүрлерін сақтау және дамыту  балаларды оқыту мен тәрбиелеуде табысқа жетуге мүмкіндік береді.

Қазіргі әлемде мектеп сырттан келетін көмексіз, өз алдына сапалы өнім шығара алатын кәсіпорын ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда басшының қызметі мен рөлі өзгереді. Ол мектеп бюджетін белгілеуі керек, қызметкерлермен басшы арасындағы саясатты, мектепішілік саясатты  – мектеп дамуын жобалаудан бастап жұптасқан байланысты басқаруға дейін анықтайды.                                                                 Оқыту мен тәрбие  – білім берудің біртұтас үрдісі, ол мұғалімдер мен мектептен тыс жерде балаларды тәрбиелеудегі негізгі рөл атқаратын ата-аналардың шығармашылық достастығынсыз іске аспайды. Қоғамның негізгі ұясы ретінде отбасына оның барлық мүшелерінің, әсіресе балалардың,  өсуі мен берекесі үшін табиғи орта ретінде қажетті қорғаныс және бірлескен әрекет ету мүмкіндігі берілу қажет, өйткені ол бала тұлғасының толық әрі үйлесімді дамуы үшін ол отбасы ортасында, бақыт, махаббат және ынтымақтастық құшағында өсуге тиіс екенін ескеріп,  қоғамдық түсінік шегінде өзіне міндеттер жүктей алады. Бала қоғамда өз бетінше өмір сүруге толық дайын болуға тиіс және бейбітшілік, бедел, шыдамдылық, еркіндік, теңдік пен ынтымақтастық рухында тәрбиеленуге тиіс. Ал мектеп өз әрекетінде ата-аналар мен қоғамның басқа мүшелерінің қатысуына ықпал етуі керек.                             Мектеп пен мұғалімдер өздерінің барлық оқушыларына бірыңғай қарауға тырысуы керек және олардың зияткерлік білімдегі сияқты өнердегі, музыка, спорт пен практикалық жұмыстағы барлық жетістіктерін ескеруге тиіс. Отбасы мен мектептің тығыз қарым-қатынасы мен әрекеті жеке тұлғаның табысты әлеуметтенуінің айғағы болып табылады.                                    Қазіргі кездегі мектеп – күрделі әлеуметтік-педагогтік жүйе. Ол өз құрамына педагогтік және оқушылар ұжымын, ересектер мен балалардың түрлі бірлестіктері мен ұйымдарын біріктіреді.  Біз жақсы мектеп – мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар, өндіріс қызметкерлері, педагогтік бірлестіктер мен басқа да көптеген қызығушылық танытатын тұлғалардың конструктивтік диалогінің нәтижесі екеніне сенім артамыз.                           Жаңа қоғамға жаңа білім қажет, онда болашақ маманның кәсіби жоғары біліктілігіне ғана емес, Қазақстан бүгін қол жеткізген ақпараттық қоғамдағы оның жалпы сауаттылығына көңіл бөлінеді, яғни маманның дайындық сапасына талап қою деңгейі көп көтерілді. Басшының рухани дамуы қазіргі жағдайда сапалырақ және негізді болып келеді, өйткені қазіргі кезде кәсіби-педагогикалық дайындық мазмұнында басшыны құндылықтар, олардың табиғаты туралы, даму механизмі мен қызмет ету тәсілдері туралы, сондай-ақ қазіргі басшының жеке тұлғасын кәсіби қалыптастыратын және өздігінен жетілдіретін  кәсіби-педагогикалық құндылықтар, әдіснамалық, қисындық және қолданбалы білім енетін аксиологиялық компонент болып табылады.                                                                                                              Жоғары кәсіби біліктіліктен басқа басшы өз біліктілігін үздіксіз жоғарылатып отыруға тиіс. Басшының маңызды кәсіби қасиеті өзіне деген сенімділік болса, кәсіби деңгейінің маңызды көрсеткіші оның шығармашылық қасиеттері, шығармашылық қайталанбас даралығы болып табылады.

Басқару жүйесінде объективті және субъективті факторлар, үрдістік һәм өнімді компоненттер икемделе бірігуге тиіс. Бұл менеджерден стратегиялық икемді және оперативті-нақты  басқару механизмін жасауды талап етеді. Білім беру жүйесін астынан бастап жоғарыға дейін реформалау жағдайындағы басқару механизмі бүгінгі талаптарға сай болуға тиіс, бұған түрлі факторлар: мұғалімдер құрамының сапасы, педагогтік ұжымда қалыптасқан қарым-қатынас, моральдық-психологиялық климат, шығармашылық ізденіс үшін басшы жасаған жағдайлар, қызметкерлердің әрекетін шынайы бағалау, олардың жұмысына көңіл бөлу, оларға қазіргі заманғы білікті ғылыми және әдістемелік көмек көрсету, еңбек нәтижелерін ынталандыру және менеджердің кәсіби біліктілігін басқарушылық құзыреттер деңгейінде  сақтау, дамыту тікелей әсер етеді.

Басшының берік басқару позициясы, оның беделі өз қол астындағылармен ол әр тұлғаның жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың еңбек әрекеті жағдайындағы әлеуметтік мәнін мойындайтын қарым-қатынас стилін дұрыс тауып, іске асырған жағдайда ғана пайда болады және ойдағы биіктікте қала алады.

Біздің тәуелсіз мемлекетіміз өз дамуында өсіп келе жатқан жеткіншектерді халық мұрасы, адамгершілік заңдары негізінде тәрбиелеуге тырысады. Қазіргі мектеп мұғалімге қоятын талаптарын өзгертті. Педагогтің психологиялық тұрғыдан қайта қалыптасу проблемасы бүгін жаңа мазмұнға ие болды: ол оның саяси ойын қайтадан құрды.

Ата-аналардың қатысуы, ата-аналардың өздік басқаруы, жалпы мектеп пен қоғам арасындағы байланыс, педагогтік ұжымның бәсекелестікке қабілеттілігін және мүмкіндіктері бойынша жұмыс, білім беру үрдісі мен оқушыларды тәрбиелеу сапасын арттыруды үдететін қазіргі технологияларды қолдану мен психологиялық-педагогтік жолдарды жетілдірудің рөлі күшейді.

Бүгін адамның адамгершілігін дәріптемей әлеуметтік ілгерілеу жолымен алға жылжып қана қоймай, жердегі тіршілікті сақтау да мүмкін емес.

Бүгін адам ақылды ғана болмай, икемді болуға тиіс, ақпараттарды таңдап, електен өткізіп, нақты жағдайға байланысты білім жүйесінде оларды реттей алуға тиіс.

Біздің шәкірттеріміз ХХІ ғасырда өмір сүруде. Бұл – басқа, альтернативтік деп аталатын өркениет, онда көптеген проблемалар шарықтау шегіне жетеді, өйткені сөз адамзаттың тіршілік ете алу-алмауында болып отыр; білім берудің мақсаты еркін, әмбебап, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру болып отыр.

Біздің тәуелсіз Қазақстан Республикасы  өз егемендігінің осынау мерзімінде адамзат өмірінің барлық саласында көрнекті табыстарға жетті. Сондықтан біздің білім беру жүйесі жақын арада әлемдік стандарттар талабына жауап беру адаңғылымен келеді. Президентіміз Н. Ә. Назарбаев көрсеткендей, Қазақстан мектептері келе-келе әлемдік стандарттар деңгейіне көтерілуге тиіс.

Асылында, жаһан данагөйі Аристотельдің сөзімен айтқанда, «жақсылық барлық жерде де екі шартты орындаудан: ең соңында жететін мақсатты дұрыс таңдау мен сол мақсатқа жеткізетін құралдарды табудан тұрады.»

әзірлеген

ИБРАҺИМ-ШАХМАНТЕГІ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебі

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (31/05/2009)
Просмотров: 7301 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.5/4
Всего комментариев: 1
1 айгуль  
0
Өте жақсы жазылған, қазіргі нормативті кеңістік жағдайындағы мектепті басқару туралы көбірек жазылған болса ғой

Имя *:
Email *:
Код *: